Сенбі, 23 Қараша 2024
2387 0 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 13:12

QazVac вакцинасы халал сертификатын алды

QazVac вакцинасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алды.

«Кеше Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті (тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды, «Халал Даму» ЖШС директоры А.А. Аташев қол қойған)»,- делінген хабарламада.

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауыт жағдайында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан.

Айта кетейік, QazVac вакцинасын білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371