Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
2879 1 пікір 7 Қазан, 2021 сағат 11:58

4 млн доза Pfizer келе жатыр...

Pfizer-мен 4 миллион доза вакцинаны жеткізу бойынша келісімге қол қойылды, ал жыл соңына дейін Қазақстанға коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцинаның шамамен 3 миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

"Біз үшін қазір стратегиялық міндеттердің бірі - халықтың осы санатын вакцинациямен қамту. Сондықтан Pfizer-мен 4 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Жалпы жыл соңына дейін Sputnik V шамамен 1 миллион доза, 1 миллионға жуық - QazVac, 1 миллион - Sinofarm жеткізіледі деп жоспарлануда", - деді Есмағамбетова.

Қазақстанда вакцина алғандардың саны 8 млнға жуықтады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2732
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1850