Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2147 0 пікір 18 Маусым, 2012 сағат 09:48

Өскеменде тағы бір өндіріс іске қосылады

Өскеменде минералды дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысына әзірлік жұмыстары қолға алынды.
«Алтай геологиялық-экологиялық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ержан Сапарғалиевтің айтуынша, жаңа кәсіпорында ағзаны ауыр металдар тозаң-ынан арылтатын, аллергиялық әсер етуді жоятын, иммунитетті жақсарта-тын тагансорбент және басқа да дәрілік препараттарды шығаратын болады. Ал кәсіпорынның шикізат базасына келетін болсақ, Тарбағатай ауданында табиғи сорбенттің мол қоры бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау министрлігі кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары тагансорбентпен бірқатар ауруларды емдеуге болатынын бекітіп берді.

Енді тағы бір рет тәуелсіз сараптама өткізгеннен соң және республикалық бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін зауыт құрылысы 2014 жылы басталады. Жылына 500 мың орама жасап шығаратын зауытты салуға 400 млн. теңге мөлшерінде қаржы қажет.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434