Сенбі, 23 Қараша 2024
2712 4 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 15:31

Декларация: Ресейде 436 қазақстандықтың мүлкі бар

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінен өткен жеке тұлғалар шетелде 666 жылжымайтын мүлік объектілері бар екенін көрсетті. Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аяқталып, оған 497 мың адам қатысқан болатын. 

Оның ішінде 494 жеке тұлға 26 мемлекеттегі 666 шетелдік жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттарында көрсетілген.

Активтердің көпшілігі Ресейде орналасқан - 436 бірлік. Сонымен қатар, БАӘ, Түркия, Испания, Англия, Болгария, Өзбекстан, Грузия және т.б елдер де бар. LS сайты әзірлешен инфографика декларациялаудың бірінші кезеңінен өткен жеке тұлғалардың шетелдегі меншігі бар елдер туралы толық ақпарат береді.

Источник: КГД

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңін мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары, сондай-ақ «Сайлау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы».заңдар бойынша декларация тапсыруға міндетті адамдар өткенін атап өткен жөн.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401