Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3915 38 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 14:24

Әшімбаев: Қазақстан халқының 92 пайызы орыс тілін біледі

Қазақстанда қазақ тілін білетін халық үлесі 86 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. 

«Экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың әлеуметтік базасы және қозғаушы күші ретінде орта санаттың қалыптасуы да маңызды өзгеріс саналады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде азаматтарымыздың орташа табысы 13 еседен астамға артқанын айтсақ да жеткілікті. Кәсіпкерлер қатары да артып келеді. Жеке бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 1,4 млн-ды құрады. 2005 жылдан бастап бұл үш есеге жуық өсімді құрайды», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның атап өтуінше, урбанизация қазақстандық қоғамның әлеуметтік стратификациясына ықпал ететін маңызды трендтердің бірі саналады. Тәуелсіздік жылдары қала халқының саны 9 млн-нан 11 млн-ға дейін артып отыр.

«30 жылдың ішінде елдің демографиялық бейіні, халықтың этникалық құрамы өзгеріп, жаңа тілдік орта қалыптасты. Қазақ тілін білетін халықтың үлесі 86 пайызға жетті. Бұл ретте қазақстандықтардың 92 пайызы орыс тілін біледі. Біз – жас ұлтпыз. Қазақстандықтардың орташа жасы шамамен 32-ні құрайды. Сонымен қатар өмір сүру ұзақтығы да ұзарып келеді», - деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

 

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487