Сенбі, 23 Қараша 2024
1890 0 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 13:02

Қазақстан ағаш экспортына тыйым салмақ

Үкімет ағаштың жекелеген түрлерін елден шығаруға тыйым салуды енгізуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Мораторий нақты шешім шыққанша әр алты ай сайын автоматты түрде ұзартылмақ. 

Сондай-ақ, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаны ұлғайтудың орындылығы мен табиғи уран мен оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізудің орындылығын талқылағаны хабарланды.

Смайылов өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу қажет екенін баса айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502