Ресей баспасөзі қазақты, қазақтың тілін төпеп жатыр
Ресей баспасөзі қазақты, қазақтың тілін төпеп жатыр. Тіпті ұлтшылдардың да тізімін жасапты. Оның ішінде министр Аймағамбетовтен бастап, Қазыбек Иса, Берік Әбдіғалиұлы және басқа да азаматтар бар.
Мақаланың бірсыпырасын қарап шықтым. Бір аптадан бері ондаған мақала жарық көрген. Аз емес. Ресейдің кейбір сайттары Қазақстанның қай аймағының қанша пайызы орысша сөйлейді, оған дейін көрсеткен. Шындыққа сай емес, біз білмейтін нанымсыз деректі олар қайдан алған?
Енді соңғы он күнде Ресей баспасөзінде жарияланған мақалалардың бірсыпырасын тізейін:
1.«Не забывайте, кто вы тут» В Казахстане объявили войну русскому языку. Почему его считают угрозой для страны?
2.Языковые патрули в Казахстане напоминают «мовние патрули» на Украине
3.Третий пошёл: США задействовали Казахстан в проекте «анти-Россия»
4.Казахстанский политолог: нельзя внедрять казахский язык, запрещая русский
5.Немая степь: что ждет Казахстан без русского языка. Парламент страны пошел по поводу у радикальных националистов.
6.Парламент Казахстана решил перевести все вывески, меню и указатели только на казахский язык.
...Бұлар неге қоймайды?! Тіпті оппозициядағы журналист Гүлжан Ерғалиеваның өзі шыдамай кетсе керек, «Российские СМИ просто закидали статьями про «патруль Ахметова»... Сколько можно? Лучше пришлите к нам гастроли Большой театр –больше пользы будет» деп жазыпты.
Қазақстандық «Евразия» телеарнасының журналисі Олег Журкевич Ресейдің БАҚ өкіліне берген сұхбатында «еліміздегі мемлекеттік тілге қатысты болып отырған жағдайдан шошынудың қажеті жоқ» десе, белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов Мәжілісте мақұлданған «ауыл атауынан бастап, ас мәзіріне дейін қазақ тілінде болуы керектігі» туралы заң жобасына қарсы. Орыс Журкевич қазақтың саясатын жақтайды, қазақ Жангелді мақтамайды. Қисынсыз.
«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алаш көсемі Әлихан «ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі де өз бәйгесін алар», – деп еді.
... Қайтеміз? Қайтпек керек енді? Дұрысы, қазақша оқысын, балаларымызды бәріміз қазақ мектебіне берейік.
...Бізге ұлттық бірлік керек, осы бағытта ынтымақ, тірлік керек.
Ендеше ана тілінде сөйлейік!
Берік Бейсенұлы
Abai.kz