Сенбі, 23 Қараша 2024
2417 8 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 15:30

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі беріледі

Орал қаласындағы әуежайдың аты енді қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың атымен аталады. Тиісті шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданған.

Аталған өңірдегі Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиева әуежайға Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты қоғам белсенділері мен жергілікті депутаттық корпус жасағанын айтыпты.

«Облыстық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғам белсенділері «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын», – деді Света Ғаниева Мәслихат жиынында.

Ал депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440