Сенбі, 23 Қараша 2024
1705 0 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 15:41

Пандемия сөз бостандығына қалай әсер етті?

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы пандемияның әлемдегі сөз бостандығына қалай әсер еткені жөніндегі баяндамасын жариялады.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, көптеген елдерде билік коронавируспен күресті пайдаланып, сөз бостандығына шектеу қойып келген.

Ұйым сынаған елдердің ішінде Беларусь, Бразилия, Венгрия, Египет, Иран, Испания, Италия, Қытай, Ресей, Сербия, АҚШ, Өзбекстан, Франция және Парсы шығанағы мен Африка және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар мемлекеттері бар.

Авторлардың жазуынша, ашық ақпаратқа шектеу "қастандық теориясының" кең етек жайылып, халықтың маска тағуға, вакцина салуға, ара-қашықтықты сақтауға деген қарсылығын оятқан. Соның салдарынан пандемия кезінде өлім саны көп болған.

Баяндаманы әзірлеген топ енді бірқатар мемлекеттер пандемияны ақпарат кеңістігін сыннан, оппозициядан және тәуелсіз БАҚ-тан тазалауға пайдаланды деп есептейді.

Мәселен, Қытайда сөз бостандығын шектеу коронавирустың таралуына жол берген. Журналистер белгісіз індет жайлы 2019 жылдың желтоқсан айында айтуға тырысқан. Бірақ коронавирус жайлы айтқан 5,5 мың адамға "жалған ақпарат таратты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Ресейде де пандемия кезінде жалған ақпарат тарату жөнінде заң қабылданды. Кейін бұл заңды еліндегі оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерге қарсы қолданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443