Сейсенбі, 7 Қазан 2025
46 - сөз 1707 0 пікір 16 Қыркүйек, 2025 сағат 15:03

Politico: Путин соғысты неге тоқтатпайды?

Сурет: lenta.ru сайтынан алынды.

Politico жазғандай, Ресей президенті Владимир Путин саяси болашағын Батыспен текетіреспен байланыстырған. Соңғы «арандатулар», соның ішінде ресейлік дрондардың Польша әуе кеңістігіне кіруі, Мәскеудің шиеленісті бәсеңдетпейтінін көрсетеді.

Аналитиктердің пікірінше, Украинадағы ауыр шығындарға қарамастан, Путин «бейбіт кезеңнің президенті» бола алмайды. Оның мақсаты – Украинаны бақылауда ұстап қана қоймай, НАТО-ның әлсіздігін көрсету. Дрон шабуылдары сияқты әрекеттер альянстың реакциясын сынауға бағытталған.

Ресей ішінде Путин үшін басты қысым – ұлтшылдар. Сондықтан ол Батысқа, әсіресе АҚШ президенті Трампқа, Киевпен бітім жасалса да НАТО-мен текетірес жалғасатынын аңғартып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, Путин «қазір немесе ешқашан» деген ұстаныммен әрекет етуде. Кремльдің бұлыңғыр түсіндірмелері – НАТО-ға қысым жасау мен олардың дайындық деңгейін сынау тәсілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 695
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9448
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 802