Сенбі, 23 Қараша 2024
2057 0 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 12:51

Министрліктер мен әкімдіктердің сайттары істемей қалды

Қазақстанда мемлекеттік органдардың веб-сайттары техникалық ақауға байланысты жұмыс істемей тұр. 

Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде "тілдерді жүктеу" деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растап, қазір порталды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді

"Қазіргі уақытта EPIR GO жобасындағы ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деді баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395