Оңтүстіктен солтүстікке көшуге 46,7 млрд жұмсалады
Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға 46 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бұл туралы LS мәлімдеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарларына сәйкес 2022 жылдан 2025 жылға дейін жұмыс күші жетіспейтін аймақтардан жұмысшы тапшылығы бар аймаққа - 27,2 мың адамды көшіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 2022 жылы - 6,3 мың адам, 2023 жылы - 6,7 мың адам, 2024 жылы - 7 мың адам, 2025 жылы - 7,2 мың адам. Ал, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6 мың адамды құрауы тиіс.
Бұл шараларға республикалық бюджеттен 46,7 миллиард теңге жоспарланған.
Бұл арада 2021-2022 жылдары қоныс аударғандарға тұрғын үй сатып алуға 12 млрд, сондай -ақ, төлемдерді қаржыландыруға 2,4 млрд. бөлінген.
Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, әр отбасы мүшесіне көшу үшін біржолғы төлем 35 АЕК (2021 жылы 102,1 мың теңге) құрайды. Тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге де қаржы қарастырылған.
Abai.kz