Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3059 0 пікір 3 Шілде, 2012 сағат 06:20

Эльмира Сұлтанбаева. Қазақ әйелінің мүддесі қайтсе қорғалмақ?

Бүгінде сезімтал ер-азаматтар ғана Нью-Йорктік тігін өнеркәсібі қызметкерлерінің демонстрациясы болған күнді дәстүрге айналдырып,  өз ханымдарына ілтипат көрсетіп, сыйлықтарын тарту етіп жатады. Ал жаны ізгілікке құмар ер-азаматтар 8 наурыз мейрамын күтпестен-ақ, әйелдердің өміріміздегі ерекше орнын әрбір мүмкіндік туған сайын еске салып отырады.

Мұндай ықылас пен ілтипат ер-азаматтарға қажет те. Өйткені әйелдер - біздің қоғамымыз. Ал қоғамның болашағы әйелдерсіз мүмкін емес. Әйел ғана бейбітшілік пен бітімгерлікке мүдделі. Соғыс кезінде әйелдер туған ошағының отын жағып, сақтап қалған. Сын сағатта абзал жандар ғана бүкіл адам баласына күш беріп келген. Сол себепті де әйелдердің өмірдегі ұстанымы осындай. Олар өмірдің жанды жалғасы.

Бүгінде сезімтал ер-азаматтар ғана Нью-Йорктік тігін өнеркәсібі қызметкерлерінің демонстрациясы болған күнді дәстүрге айналдырып,  өз ханымдарына ілтипат көрсетіп, сыйлықтарын тарту етіп жатады. Ал жаны ізгілікке құмар ер-азаматтар 8 наурыз мейрамын күтпестен-ақ, әйелдердің өміріміздегі ерекше орнын әрбір мүмкіндік туған сайын еске салып отырады.

Мұндай ықылас пен ілтипат ер-азаматтарға қажет те. Өйткені әйелдер - біздің қоғамымыз. Ал қоғамның болашағы әйелдерсіз мүмкін емес. Әйел ғана бейбітшілік пен бітімгерлікке мүдделі. Соғыс кезінде әйелдер туған ошағының отын жағып, сақтап қалған. Сын сағатта абзал жандар ғана бүкіл адам баласына күш беріп келген. Сол себепті де әйелдердің өмірдегі ұстанымы осындай. Олар өмірдің жанды жалғасы.

Осындай ізгі ниеттердің тоғысуында бүгінде елімізде көптеген әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары сәтті қадамдарымен заман ағымынан бір сәт қалыс қалған емес. Әсіресе, экономиканың кейбір  салаларында қызмет ететіндердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат  жөніндегі ұлттық комиссияның мәліметі көңіл қуантарлық цифрларды келтіріп отыр. Мысалы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде - 75%, білім беруде - 73%, тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету саласында - 66%, сақтандыру мен қаржыландыру қызметінде - 65%, саудада - 60%, ауыл шаруашылығында - 47%,  мемлекеттік басқаруда - 40% әйелдер қызмет етуде.  Жүздеген әйел Парламент пен мәслихаттарға сайланды. Қазіргі кезде елімізде 25 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді, олардың денін әйелдер басқарады. Қазақстан  мемлекеттігінің құрылуы мен дамуындағы әйелдердің рөлін әлемдік қауымдастық та мойындап отыр. Бұған ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуінің күн тәртібіне гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу мәселесінің енгізілуі, БҰҰ-ның Бас ассамблеясының Қазақстанды қайтадан құрылған «UN Women»  құрылымының Атқарушы кеңесі мүшелерінің құрамына сайлауы, 7 Дүниежүзілік  Ислам экономикалық форумы  аясында әйелдер кәсіпкерлерінің  форумы өткізілуі дәлел бола алады.

Біз еркектер мен әйелдердің теңдігі туралы көп айтамыз. Дегенмен қоғамда дағдарыс басталғанда, әйелдерді кемсітушілік анық байқала бастады. Алдымен бұл еңбек саласында орын алды. Жұмыссыздардың 70%-ы әйелдер. Әйелдерді шағын және орта бизнеске тарту үдерісі өте баяу жүруде... Қазақстанда әзірге әйелдер қозғалысы жеткілікті зерттелмей келеді. Әйелдерді саяси басқару, өндірістік, мәдени салаларда, әсіресе бизнес саласында даярлайтын орталықтар жоқ. Айталық, көпбалалы аналардың мүддесі қоғам не билік  тарапынан қаншалықты қорғалып отыр? Әр балаға тиесілі әлеуметтік атаулы көмек нарық заңына төтеп бере ала ма? Баспанасыз көпбалалы отбасылар да біздің қоғамда жеткілікті. Олардың қол жетімді тіпті тегін коммуналдық үйлермен қамтамасыз ету мәселелері өз деңгейінде қарастырылмай отырғаны жасырын емес.  Міне, осындай әлеуметтік дерттің субъективті себептерінен әйелдер мүддесін қолдайтын көптеген проблемалар мемлекет тарапынан қолдауға зәру. Айта берсең жыры бітпейтін әйелдер өмірінің қиындықтарын өз беттерінше шешу үшін гендерлік теңдікті қолдау мақсатындағы көптеген үкіметтік емес ұйымдар құрылды. Осы аталған ұйымдар  қоғам өмірінде маңызды болып саналатын әйел мен бала өмірінің әлеуметтік мәселесін, мұқтажын, мүддесін қорғайтын заң жобаларының оңтайлы жолмен шешілуін қадағалай отырып, билікке тікелей әсер етуге қауһарсыз болып отыр.  Солардың бірқатары «Гендер және даму» БҰҰ Бюросы, Сорос-Қазақстан Қоры бағдарламасын басқарушылар, ТМД елдері үшін (қазіргі БҰҰ-Әйелдер) ЮНИФЕМ Аймақтық кеңсесі, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік кеңсесі және т.б. көптеген ұйым жобаларының табысты болды деп айтуға келмес. Әйелдердің ҮЕҰ, Әйелдер істері бойынша Ұлттық комиссия, ҚР Парламенті «Қанатты әйелдер» және «Томирис» гендерлік  мэйнстриминг жобасы аясында әйелдер жәрмеңкесі өткізіліп тұрады екен. Ал, нәтижесі қандай? Күнделікті өмірде нәпақа жолында жүрген базар жағалаған нәзік жандылардың ортасынан алшақтау болып, билікке жақындау жүрген жоғары қауым әйелдерінің айналасынан ұзаққа бара алмай отырғанын өмірдің өзі көрсетуде.   Өйткені жоғарыда келтірілген әйел өміріндегі (әсіресе, алыс ауылдардағы әйелдердің әлеуметтік ахуалы)  проблемалар шешуін таппай тұр емес пе? Әрине, бұл жерде Қазақстандағы әйелдер қозғалысының баяу дамып отырғанын сынға алу емес, керісінше осынау күрделі жолдағы гендерлік теңсіздіктіктің әлі де болса қалтарыста қалып  отырғанынан болар деген ой еріксіз келеді.

Құранда әйел затына деген түсінік қалай жазылыпты? «Ислам заңы бойынша еш уақытта әйелдерді қаналған жан иесі деп санаушыларға сенбеңіздер. Жұмақ ананың аяғының астында. Баласына тек ананың рұқсатымен ғана жұмақтың есігі ашылады. Анасы екі рет, әкесі бір рет қана айтса жұмақтың есігі ашылады» деп жазылған екен. Мінеки, бұл тұрғыда Мұсылман діні шариатында әйелдер мен еркектердің тең құқылығы жатқанын әбден мойындауға болады.

Біздің әйелдер өздерін бір-біріне адал болғандарын дәлелдеп, өмірге деген көзқарастарын бір жерден түйісуі үшін күйеулерінен өз құқықтарын талап етуде қаншама уақыттарын, күш-қуатын жоғалтады... Әйелдердің көптеген проблемаларын қаржылай дербес шешуге болар еді. Бірақ, қалай? Нидерландыда  біршама елдерде 20 бөлімшелері бар әйелдер банкі жұмыс істейді. Біз олардың құрамында жоқпыз. Осындай қаржыландыру жүйесіне жету үшін бір сөзбен айтқанда, жай ғана әйелдер ұйымдарының ынтымақтастығы жетіспейді. «Фрауэн-Анштифтунг» Феминистік қоры (неміс тілінен аударғанда «Әйелдер сананы оятушы») біздің ханымдардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағдарламасы бойынша жобаны жасауға ұсыныстарын білдіруде. Бұл біздің қоғамға, өмірімізге ауадай қажетті жүйе екені анық.

Гендерлік зерттеулер біздің ғылымда өзінен-өзі қоғам мен ғылымның ішкі қажеттілігінен туындады. Ендігі жерде жылдар өте келе халықаралық жариялылықтың таралу әдісі ретінде қаралмаса да, гендерлік зерттеулердің қызығушылығына енді. «Гендерлік зертеу орталығы» ҚБ-нің жетекшісі Светлана Шакированың зерттеулеріне сүйенер болсақ,  Гендерлік зерттеу осы кезге дейін қолдауға мұқтаж. Оның тағдыры оқу тәртібі сияқты әлі күнге дейін айқын емес. Тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, тіпті жанданып келе жатқан жобалар қаржылай қорларын сыртқа шығармастан теріс айналып отырған көрінеді. Гендерлік зерттеудің ең негізгі міндеттері жеке ұлттық негізде жатыр. Барлық гендерлік зерттеулер бойынша диссертациялық қорғау жұмыстары және монографиялар, мақалалар орыс тілінде жазылып келеді. Қазақ тілінде гендерлік тақырып бойынша жарық көрген оқу әдебиеттері саусақпен санарлықтай екен. Мәселен, ТМД елдерінің арасында гендерлік зерттеулері он мыңнан асып жығылатын Харьков орталығы мерзімін ұзартып, өз қызметтерін атқарып отыр. Бұл тұрғыда Қазақстанның гендерлік зерттеулері күнделікті ақпарат алмасумен байланыста ғана шектеліп, үкіметтік емес ұйым құрылымдарының бір бөлігі ретінде қалып отыр. Бұл мәселеге жаңа қырынан қарайтын кез келген сияқты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364