Декларация жарияланбаса – Тәуелсіздік те болмас еді...
Егер 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда 2-і Континентальдық конгресспен АҚШ-тың Тәуелсіздік Деклорациясы жарияланса, Қазақстан да дәл осы күні 25 қазанда 1990 жылы еліміздің бұдан әрі Тәуелсіз мемлекет болып Жоғарғы кеңестің 12-і шақырылымында жариялады.
Тарихи құжат бүкіл Қазақ елін тарихи қадамдарға бастау алды. АҚШ-қа 1776 жылы тәуелсіз біртұтас мемлекеттілік қаншалықты ауадай қажет болса, елімізге де ұлттық тәуелсіздік, егеменділік соншалықты қажет болды...
Бұл Деклорация анау айтқандай, әсте де оңай жолмен келе қойған жоқ. Барлық КСРО-ға кіретін елдер өз егемендіктерін қарша боратып алып жатқан кезде, Мәскеудегі КСРО-ң Жоғарғы кеңесі ешбір себепсіз Қазақстанның тәуелсіздігін жариялайтын бастамаларын құқықтық хәм әкімшіліктік құралдардың түрлі құйтырғы жолдарымен тоқтатып отырды.
Сол жылдары бүкіл КСРО кеңістігі тұтас саяси және экономикалық хаостың шырмауына түскен ауыр кезеңді өткеріп жатқан болатын. Соған қарамастан, елінің тәуелсіздігі жолында шешуші тарихи қадамдарды арқалап, ауыр жүгіне барлық саяси-бюрократиялық әдіс-амалдарын, тәжірибесін салған Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі, қажырлы әрекеттері түбінде, 25 қазанда Алматының Комсомольский көшесінде орналасқан бұрынғы Жоғарғы кеңес ғимаратында «Қазақстан КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Деклорациясын» жариялауға итермеледі. Елбасының есіл еңбегі, маңдай тері еш кетпеді.
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік, ұлт пен жер тұтастығы, өркениетті жолға дербес ел ретінде қадам басу арманы қазақ жеріне оралды. Ел тәуелсіздігін қантөгіссіз саяси дипломатиялық әдістердің күшімен алды.
Бұлай деуіме, АҚШ-тың мысалында, 2-і Континентальдық конгресстің алдында 1-і американдық конгресстің деклоративтік құжаттарын Англия королі III Георг және британдық Парламент үзілді-кесілді жоққа шығарып, арты ұлан-асыр қантөгіске, түрлі санкцияларға ұласқан болатын. Басыбайлық ағылшын билігі уысынан жаңа дәуірді құрған болашақ американдықтарға тәуелсіздіктің иісін иіскетпеуге бел буды. Бірақ, тарихи прогресс, саяси плюрализм, демократиялық ойшылдық идеялар АҚШ-ы Тәуелсіздік жолында күресін тоқтатпады. Ұлт өзін-өзі анықтауға ұмтылды, бұл табиғи қағида...
Қазақстан да кешегі тоқсаныншы жылдары ұлт ретінде қалыптасқанын, тәуелсіз болатынына бек сенімді болды. Тәуелсіздік жылдары қандай жолмен болсын кешегі көк етік пен сұр шинель киген кеңес заманына екінші гәрі оралмайтындай, жаңа қоғамға еңсесі биік әлем елдерімен тікелей қарым-қатынас орнатуға, өз пайдасы, өз ережесі, өз мақсат-мұраты болатын үлкен Қазақ ордасына айналуына талпынды.
Тарихи сәт осы Тәуелсіздік туралы Деклорацияның жариялануымен туды, еліміз өз Президентін, үкіметін, Парламентін анықтады, еліміздің барлық ресурстары мен табиғи байлықтарына жеке өзі ие болуына толық құқылы болды. Сұлтанмахмұтша айтсақ, «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам?» деуі, тек жеке индивид тұрғысынан ғана түсінбей, ұлт болып тәуелсіздікке ұмтылған қоғам деп қабылдауымыз шарт. Қазақ елі тұсауланған қараңғылықтан жарқын көк аспанына күн болып самғауға өрмеледі, ұрпақтың алдында ең жоғарғы миссиясын орындады. Елбасы мен сол кездегі Қазақ жұртының тарихи еңбегі де осында, бұл ақиқатты тарихтан өшіріп тастай алмаймыз...
Барлық қазақстандықтарды, елімізді бүгінгі Тәуелсіздік деклорациясының жарияланған күнімен құттықтаймын!
Мақсат Жақау
Abai.kz