Мұның алдында дипломаттар мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс жасады деп күдікке ілінген түрік филантропы Осман Каваланы босатуды талап еткен. Ердоғанның бұл шешіміне олардың осы қадамы түрткі болған.
Стамбул прокуратурасы Каваланы 2016 жылғы шілдедегі мемлекеттік төңкеріс талпынысына қатысы бар деп айыптайды. Бұл айып оған өзге бір істен ақталып шыққан кезде бірден тағылған. Ол іс бойынша Кавала 2013 жылы Стамбулда өткен жаппай наразылықта үкіметті төңкеруге әрекет жасады деп айыпталған.
Осы аптаның басында АҚШ, Германия, Франция, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Дания, Норвегия, Финляндия және Швеция елшілері Каваланы босатуға шақырған.
Түркия – НАТО мүшесі және Еуроодақ құрамына кіруге үмітті. Осыған қарамастан аталған елдердің елшілері "нон-грата" тұлға болып жарияланбақ. Бейсенбі, 21 қазан күні Ердоған дипломаттар Анкараға өз аумағында не істеу керегі айту қақы жоқ деп мәлімдеді. "Сендер кім едіңдер?" деді ол сол күні.
Abai.kz