Жұма, 22 Қараша 2024
2490 0 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 13:34

СБЕР Қазақстаннан гөрі Ресей үшін 40 есе арзан

«Сбербанктің» бірыңғай мемлекеттік қызметтер жүйесі Қазақстанға қарағанда Ресей үшін 40 есе арзан. Бұл туралы КазТАГ хабарлады. 

«Сбербанк» - «Гостех» бірыңғай цифрлық платформасының операторы болады. Бұл сатып алу саласындағы ақпараттық жүйенің деректеріне сәйкес. Бастапқы бағасы 12,8 миллион доллар (900 миллион P) болатын тендерді Ресейдің Цифрлық даму, коммуникациялар және бұқаралық ақпарат министрлігі жариялады», - деп хабарлады ресейлік БАҚ.

Ал, «Гостех» дегеніміз – азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара әрекеттесуіне арналған цифрлық платформа. Ол мемлекеттік мүлікті жалға беруді тіркеу, жылжымайтын мүлікті кадастрлық тіркеу және медициналық сақтандыру полисін беруді қоса алғанда, әртүрлі қызметтерді ұсынатын болады.

Осылайша, Қазақстан билігі сатып алуды жоспарлап отырған жүйеге ұқсас Сбербанк жүйесі Ресей билігі үшін 40 есе арзан болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ресейлік «Сбербанк» ЖАҚ-ның сол «Сбербанктен» мемлекет кепілдігімен қарызға алған 500 миллион долларға дейінгі сомаға IT-платформасын сатып алатыны хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321