Жұма, 22 Қараша 2024
2013 0 пікір 27 Қазан, 2021 сағат 14:08

Аркадаг Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта ұлы Абайға ескерткіш орнату ұсынысын жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады.

Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды»,-деп жазды ол.

Қазақстан президенті бұл бастаманы толық қолдайтынын айтқан.

«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 24-25 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321