Әскери полигонда бес әскери қызметкер жарақат алды
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақат алды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 27 қазанда орын алды.
"Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда", - делінген хабарламада.
Cарбаздардың қалай жарақат алғаны жайлы ақпарат жоқ.
Abai.kz