Жұма, 22 Қараша 2024
3889 4 пікір 28 Қазан, 2021 сағат 13:43

Айна Бакеева 10 күнге қамалды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды. Ол желіде мектепте балаларға мәжбүрлеп жасырын вакцина салынып жатқаны жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталған. 

Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы, 1-бөлімімен ("Ұсақ бұзақылық") кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде түрлі видео тараған еді. Видеодан бірнеше әйелдің, оның ішінде Айна Бакеева да бар, мектеп спорт залына кіргенін көруге болады. Таспаны түсіріп жүрген әйел өзінің журналист екенін айтып, ал кадр сыртындағы дауыс мектепте балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқанын жеткізеді.

Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321