Жұма, 22 Қараша 2024
2611 2 пікір 28 Қазан, 2021 сағат 14:03

Өзбекстан 176 мың балаға вакцина екті

Өзбекстанда 12 мен 18 жас аралығындағы 176 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ол үшін әзірге тек Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылуда деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

28-қыркүйекте балаларға вакцинациялау процесі басталды. Вакцина балаларға ерікті түрде ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен ғана салынады. Бұл үшін Өзбекстанға неміс вакцинасының 2 миллионға жуық дозасы жеткізілген еді.

Бұған дейін Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және денсаулық сақтау қызметі елдегі оқу орындарында карантин енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322