Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6710 2 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 22:00

Киттің жалғыздығы

Тынық мұхиттың солтүстігінде бір киттің өз үйірімен тілдесе алмай жүргеніне жиырма жылдан асыпты. Себебі, басқа жиілікте сөйлейді. Әлемдегі жалғызілікті сол киттің аты «52 Герц». Бұл кит мұхиттан мұхит қоймай, жалғыздан жалғыз сабылып, өз үйірін іздеумен жүр. Басқа киттермен сөйлеспейін демейді, сөйлескісі келеді-ақ. Бірақ бұл кит өте жоғары жиілікті ән салғандықтан, басқалары мұны естімейді. Ешбірі оған жауап қата алмайды. Қалған киттер – 15-25 Герц жиілігінде сөйлеседі. Бұл едәуір айырмашылық. Әлгі киттің тағдыры жалғыздық болса керек. Өмірді жалғыздықта өткізудің қияметін ойлап көріңізші. Сізді қайдам, жалғыздық дегеннен өзімнің зәрем кетеді. Қалың толқынмен жүзген сол жалғыз кит үйірлестерін іздеп, тыным таппайды. Шамасы келгенше ән салумен күнін өткізеді. Күн өткен сайын үміті үзілуде. Бәлкім, ол кит, ештеңе сезбейді, түсінбейді дерсіз. Түсінеді! Сезгенде қандай! Үлкен тұмсығын қап-қара, түпсіз тұңғиыққа тығып, жоқ іздеумен келеді. Іздейді, шыңғырады, жауап жоқ. Киттің мұндай тағдырына кім кінәлі? Жаратқан оның дауысын неге 52 Герц етті? Неге оны мәңгі тас түнекте қалдырды?

Ал енді сұрақ: Өзіңізді жалғызбын деп ойлайсыз ба? Сіз тектес жаратылыстың ортасында өмір сүріп жатырсыз. Күнде көретін, еститін, сезетін, сөйлесе алатын ортада жүріп, әлдене сұрауға, түсіндіруге, талқылауға мүмкіндігіңіз бар. Ал киттің ондай мүмкіндігі жоқ. Оның бар қалауы үйірін табу. Бірақ бұнысы орындалмайтын тілек.
Сіздегі жалғыздық – жан жалғыздығы. Бұл өз таңдауыңыз. Бір жерде сізді түсінбеді. Бір жерде қабылдамады. Онда ойланыңыз, өзгеріңіз, нәтиже шығарыңыз. Ол қолыңыздан келеді ғой.

Киттің тілегі – тән жалғыздығы. Мәңгі жалғыздық. Ол оны өзгерте алмайды.
Адам жалғыздықта бір күн, екі күн қалады. Апта өтер, ай болар. Содан соң үрей басталады. Басқаларды көрсем, әлдекіммен әңгімелессем деп адам іздейді. Бір шыныаяқ шай немесе кофе ішетін серік іздейді. Тек жалғыз қалмасам дейді ғой.

Киттің жалғыздықта жүргеніне жиырма жыл. Оны құтқаратын ешкім жоқ. Жалғыздығынан шығатын жол да жоқ. Ал сіз өзіңізді (әлі де) жалғызбын деп ойлап отырсыз ба?!

Шынар Әбілда

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371