Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9754 8 пікір 10 Қараша, 2021 сағат 13:45

Түркия Қазақстан қаруларының сынақтан өтпегенін жазуда

Түркияның TUBİTAK SAGE орталығының директоры Гүржан Окумуш түріктердің 2023 жылы "Гөкхан" дейтін әуе-әуе класындағы зымыранын сынақтан өткізетінін, қазір GÖKTUĞ жобасы бойынша Gökdoğan және Bozdoğan дейтін екі зымыран сынақтан өтіп жатқанын айтыпты. Олар да әуе-әуе класына кіреді екен.F-16 block 50+ ұшағынан атып та көріпті екеуін. Нысанаға дәл тиген деседі.

Ал біздің "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" жасаған "Барыс 8×8" бронды көлігінің сынақтан өтпегені, тіпті "Арланның" да талапқа сай болмай қалғаны жайлы ақпарат түрік медиасына да жетіпті. Тіпті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақовтың "Барыстың" кемшіліктерін жасыруға тапсырма бергенін айтып жатыр. Біздің әріптестер көтерген тақырып еді негізі.

Жалпы соңғы екі-үш жылда "Қазақстан Инжиниринг" холдингі мен Қорғаныс министрлігінің арасы жақсы еместей көрінеді маған. ҚМ мен келіспей жатқан тек Парамаунт емес, тағы бір-екі зауыт бар. Әркімдікі өзіне жөн.

Айтпақшы түріктер Anka-S дронын Қазақстан алатын болғанын, тіпті генерал М Таласовпен кездесу жасалғанын жазған. Біз Қорғаныс министрлігіне сұрап едік, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне сілтеп жіберді. "Солар біледі",-дейді. Енді Бейбіт Атамқұловтың мазасын алатын шаруа шықты.

Амангелді Құрметұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471