Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4127 7 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 18:54

Тәуелсіз елдің бас құжатын ойыншық қылуды тоқтату керек

Футболдан әлем чемпионатына бару үшін болып жатқан іріктеу жарысында ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА командасы Францияға сол елдің құрамасымен ойынға барып бір қапқа симайтын доп арқалап оралды.
Есеп - 0:8.

Ұят! Масқара! Сорақы нәтиже! Біздің елдің футболы ЕУРОПАДА несі бар десеші?! Өзіміз Азияда жатырмыз, Ұлттық Олимпиадалық комитетіміз Азияға қарайды, ал футболымыз Еуропаға өтіп алған... Бұл елде тәртіп деген бар ма өзі? Әр ойында қап-қап доп арқалап келіп, жанкүйер атаулының жүйкесін жүндей түту тоқтай ма, жоқ па?

Кезінде заң атаулыны белден басқан жан басқарып тұрған футбол федерациясы Еуропаға өтерде соншама шырылдап, қарсы болып едім. Өзім үшін емес,ел абыройы,мел ұяты үшін. Әлі де сол пікірдемін. Құдай орналастырған Азия құрлығына қайта оралып,әлем чемпионатына сол Конфедерациядан қол созғанымыз жөн болар еді. ...Ол кезде құрамамызда еуропалық ұлт өкілдері көп ойнаған соң қашқамыз кілең моноұлт өкілдері ойнайтын Азиядан.

Бүгінде тәуба, қазақтың ұландары футболда да өсіп жетілді. Соларға сенім арту керек. Ерич, перичтерге азаматтық беріп,Тәуелсіз елдің Бас құжатын ойыншық қылуды тоқтату керек!!! Жеңілсек те өз ұлдарымызбен барып жеңілейік. Шыңдалсын олар да.

Маханбетше айтсақ "Өзіңнен туған жас бала,...ел намысын қорғамай...ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕР МЕ?!!" Бітпейді,әрине!

Несіп Жүнісбаев

Abai.kz

7 пікір