Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3447 0 пікір 30 Шілде, 2012 сағат 08:40

Келімсек қытай атлеттері Лондоннан сырт қалды

Лондон Олимпиадасының басталуына бір күн қалғанда, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қатарында өзгеріс орын алды. Бүгінге дейін басшылар мен бапкерлер мақтауын асырып, Лондон Олимпиадасында алтынды қос-қостан алып береді деген Фархад Харки мен Чонтей Арли саптан шығып қалды. Оларды саптан шығарған  - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы.

Маусым айында Талдықорған қаласында  ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп, сол додадан іріктелген зілтеміршілер Лондон Олимпиадасына қатысатын болып шешілген. Қазақстан құрамасында жалпы есебі 8 жолдама болды, оның төртеуі ерлерге, қалған төртеуі әйелдерге тиесілі еді. Қыздардың жарасы жеңілдеу, себебі, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедовалардың Олимпиадаға баратыны еш күмән туғызған жоқ. Ал, ерлер арасында тек Ильяның Олимпиададан сырт қалмайтынына сенімді едік. Алмас Өтешов, Владимир Седов, Сергей Истоминдерді Лондон төрінен көріп қалармыз деп жүргенде...

ҚР ауыр атлетика федерациясы біздерге «тосын сый» жасады. Бұрын-соңды біз жүзін көрмек түгілі, атын естімеген екі қытайлық зілтемірші зілбатпан темірді бұйым көрмей, Қазақстан чемпионатының алтынын жеңіп алды. Оны қойшы, бапкерлер қауымы бірауыздан Фархад Харки мен Арли Чонтейді Олимпиадаға апарамыз деп шешті. Алексей Ни шешімін өзгертпей: «Қалған зілтеміршілер өздерінен көрсін!» деп, қолды бір сілтеген соң, бапкерлердің бір білгені бар шығар дедік. Бірақ, Бейжің Олимпиадасында қолаға қол созым жерден қайтып, 2009 жылы әлемді бағындырған Владимир Седовтың Тұманды Альбионға бармайтыны жанкүйер жанына батқан.

Енді, Олимпиада басталуына екі күн қалғанда Қазақстан ауыр атлеттері арасынан ши шықты. Қытай республикасы халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағым түсіріп, Фархад пен Арлидің Қазақстан азаматтығын алғанына бір жыл толмағанын көрсетіпті. Иә, Халықаралық Олимпиада комитетінің заңы бойынша, азаматтығын ауыстырған спортшы сол мемлекетте 3 жыл тұрмайынша, Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Дәл осындай себеппен Қанат Ислам Лондонға жол тартпады, төрт жыл бұрын Светлана Подобеваны Ресей тарапы осы заңнан аттатқан жоқ. Осыны біле тұра, Қазақстан азаматтығын алғанына көп бола қоймаған қытайлықтарды Олимпиадаға апарамыз деп шешкен ҚР ауыр атлетика федерациясының басшылары білімсіз бе?! Әрине, олар да ақымақ емес. Халықаралық федерацияның «тілін тапқан шығар». Бірақ, спорты қарыштап, медицинасы ғарышқа қарай кетіп қалған Қытайды алдау кімнің қолынан келеді? Қытай басшылығы біздің бапкерлерді алысқа апармай-ақ, Олимпиада алдында сабасына түсірді.

Расы керек, Фархад пен Чонтей Олимпиадаға қатыспайды деп ішіміз күйіп, жер тарпып отырған жоқпыз. Олардың ұлттық құрамаға қосылуы федерация тізгінін ұстаған адамдар үшін ғана қолайлы болды. Жанкүйерлер әу бастан бұл спортшылардың қатарға қосылғанын жаратпады. Бірақ, өткелде ат ауыстырмайды емес пе?! Енді Лондонға резервтегі екі зілтемірші Александр Зайчиков пен Кирилл Павлов қатысады. Екеуі де жас зілтеміршілер, екеуі де «В» тобында сынға түседі. Жүлдеге таласпай ақ қойсын, Тұманды Альбиондағы ғаламдық жарыстан тәжірибе жинап қайтқанының өзі жеңіс біз үшін. Бірақ, медаль жоспары ше?! Алексей Ни бастаған бапкерлер 5 алтын аламыз деп ауыз толтырып айтып еді. Олар әлгі екі қытайлыққа арқа сүйеген  болатын. Оның үстіне, Олимпиада басталаруына бір күн қалғанда сайысқа қатысатынын білген Кирилл мен Александрдың да дайындығы керемет емес қой. Осы тұрғыда біздің бапкерлер қате жіберді...

Екі қытай азаматы да Қазақстанға келер алдында Қырғызстан азаматтығын алған. Алатаудың арғы бетінде қытайлықтар үшін азаматтық алудың аса қиын еместігін білесіз. Ендеше, Қырғызстан арқылы Қытай атлеттерін әкелу Қазақстанға тиімді! Биресми ақпаратқа сүйенсек, Арли Чонтей 2009 жылдан бері Қазақстанда жүр екен. Тіпті,оның шын аты Жанг Вэй де болуы мүмкін...

Осылайша, Қазақстандағы қытайлық ауыр атлетттер Лондон сыртынан кері қайтты...

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313