Сырым Дат. Қазақ қоғамы: өлермен тілшілердің өгей насихаты аясында
Бұрын ресейлік идеология антиқазақ насихатын өршелене жүргізетін, кәзір де бар, бірақ бойауы бұрынғыдан солғын. Оның есесіне Қазақстандағы «миссионерлер» атқа мініп алған: елдегі ықпалды телеарналар мен радиотолқындарға орналасып, жақсы жалақымен күн көруде, ойларын келгенін жазып, көрсетіп, қазақтың мыйын шырдай етерлік мүмкіндік қалмаған.
Бұл «антиқазақшылардың» артық кететіні көрер көзге, тіпті, теле-радиожанрларды бұрмалап, көз бойап, қазақтың санасының шаңын «қағып» жатады. Қайран қалатының - сондағы отырған «қазақ» бастықтардың (редакторлар, директорлар) әлгілерге «әй» деуге батылы жоқтығы, көрсе де көрмеген болуы.
Бұрын ресейлік идеология антиқазақ насихатын өршелене жүргізетін, кәзір де бар, бірақ бойауы бұрынғыдан солғын. Оның есесіне Қазақстандағы «миссионерлер» атқа мініп алған: елдегі ықпалды телеарналар мен радиотолқындарға орналасып, жақсы жалақымен күн көруде, ойларын келгенін жазып, көрсетіп, қазақтың мыйын шырдай етерлік мүмкіндік қалмаған.
Бұл «антиқазақшылардың» артық кететіні көрер көзге, тіпті, теле-радиожанрларды бұрмалап, көз бойап, қазақтың санасының шаңын «қағып» жатады. Қайран қалатының - сондағы отырған «қазақ» бастықтардың (редакторлар, директорлар) әлгілерге «әй» деуге батылы жоқтығы, көрсе де көрмеген болуы.
Быйылғы маусым айында бір топ тіл жанашырлары «Ел» алқасына бірігіп, қазақ әліпбиінің мәселесін көтерген және кәзіргі «қазақ-орыс» дүбәрә әліпбиді әшкерелеп, тез арада төл әліпбиге көшу қажеттігін үндеді. Бұны қолдап немесе саралап назар аударған қазақ БАҚ-тары (Adai.kz ақпараттық порталынан басқасы ) болған жоқ. Бірақ оның есесіне елдегі орыс редакциялары ұлардай шулады. Әсіресе, 31-телеарна (Купреева), «Астана» (Кирбетов) арналарының тілшілері әзірлеген 26 маусым күнгі репортаждарда қазақтардың төл әліпбиіне көшуден зәредей қорқу сезілді.
«Абай» сайтында жария болған «Бұралқы әріпсіз, өгей дыбыссыз төл әліпби жасасын» (http://old.abai.kz/node/14141) үндеуі кейбіреулердің бітеу жарасын сығып жіберген секілді. Іле-шала 31-арнаның тілшісі Екатерина Купреева аталған тақырыпты қаузайтын сарапшылар іздеп, Астанадан жолға шыққан Серік Ерғалиға Ақтөбеге жеткенше 5 рет қоңыраулатыпты. Одан Ақтөбедегі арна тілшісі Баян Сағымбаеваға дереу сұхбат алуды тапсырған. Маса шаққандай болған арна қызметшілерінің аужайын тез аңғарған әккі тележурналист С.Ерғали қазақша-орысша сауатты жауап беріп, бұра тартуға ештеңе қалдырмаса керек. 26 маусым күнгі жаңалыққа әзірлеген репортажда жарты сағаттық пікірдегі контекстен үзіп алып бергені мынау:
«Допустим "в" не характерен для казахского языка. Иваноб допустим, ничего тут не страдает ни иванов, ни казахский, ни русский язык. Потому что это поле казахского языка и все должно трансформироваться под казахский язык». (http://www.31.kz/ru/video/34890/index.phtml)
Одан әрі Купреева басқа респонденттерді де өз пайдасына жыға пайдаланады. Райхан Сахыпбекқызы деген филологқа:
«Зачем опять разводить безграмотность населения? И так все переходят на платное обучение. Как это будет? Все написанные за 70-80 лет книги на кириллице опять будут не нужны. Как есть надо оставить. Но если так сильно они хотят лучше вернуться к алфавиту Байтурсынова на арабской основе, только не на латинский» дегізеді. Әрине, одан бүгінгі қазақ әліпбиі неге бұралқы деген мәселені нақты сұрағанда мұндай жауап болмас еді. Оның үстіне бұл мәселеге кез келген филологтың өресі жетпейтіні белгілі. Репортер өз сөзімен Р.Сахыпбекқызының А.Байтұрсынұлының төте жазуын меңгеруге үш ай мерзім жібергенін келтіріп, тақырыпты қасақана түрде тіпті, басқа арнаға - қарып өзгерту мәселесінен бір-ақ шығарады. Сөйтіп, бастапқы қазақтың төл әліпбиін кәзіргі орыстың артық әріптерін қысқарту арқылы қол жеткізу мәселесін «тіл жанашыры» жайына қалдырады да, жайлап қана қазақтардың басын қатыру үшін тақырыпқа әдейі басқа проблеманы араластырып былықтырады. Шамасы әлгі филолог Сахыпбекқызы мәселенің мәнін ұқпай, басқа қарыпты әліпбиге көшеміз деген сауалға жауап берген сықылды.
31-арна тілшісі одан әрі тақырыптардың басын тоғыстырып «көже қайнатқаны» сондай, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымға да латын алфавитіне көшу тұжырымын айтқыза қойыпты: «Нынешний казахский алфавит, который состоит из 42 кириллических знаков, невыгоден даже экономически. Даже простым людям. Мы видим, что СМС на казахском языке в 2 раза дороже СМС на латинском или русском». Саясаттанушының мәселені түбірімен шешуге қатысты айтқан ойын тілші өз сөзімен былайша түйіндеп, тағы да жалтарады: «Но как выяснилось, рядовым казахстанцам вообще не до латиницы и графики Байтурсынова. Перемен в таких вопросах носители языка не любят». Сөйтіп, тілшіміз қайткенде де кирилицаға негізделген дүбәрә әліпбиге шаң тигізбейді.
Әр тақырып пен мәселені Купреева бекерден бекер былықтырып отырған жоқ, қасқана түрде мәселені қойуландырып, күрделендіріп оны нақты қойушылар мен шешулердің үндеуін басқа пікірлермен жасыруды сәтті қолға алған. Бұл жағынан орыстілді тілшілердің мұндай шеберлігіне қайран қаласың әрі қызығасың. Біздің қазақ тілшілер болса, берген материалдың өзін үзіп-жұлып тақырыпты шашып, салақ үйдің көшіндей қылар еді.
Одан әрі не істеді дейсің ғой, Е.Купреева, орыстілді қазақтардан «Кирилицаны қолдайсың ба, арапша әліпбиді қолдайсың ба?» деген сауалға блиц-интервью алады, сөйтеді де «қазаққа төл дыбыстарын қолдайтын әліпби керек» деген мәселені қасақана бұрмалау арқылы назардан тыс қалдырады.
Е.Купреева дейтін тілшіні бұл тақырып неге сонша қызықтырды? Мәселе - тілшінің өз деңгейіне жетерлік саясатшы екендігінде. Мәселені көтерген қазақ қоғамынан ол үлкен қыйтұрқыны байқап қалды: қазақ тілін тәуелсіздендіретін шешімді көрді. Сөйтті де оған дереу кедергі жасауды өз деңгейінде шешті. Және де, мәселенің байыбын білмейтін, қазақ тіліне жаны ауырмайтындардың пікіріне сүйене отырып, «пабрика», «багондарды» қабылдаудың ауылы алыс, көп сандалаудың бірі ғой» дегендей қорытып, көрерменді жетегіне алады. Шеберлік! Бірақ антиқазақы насихат үшін! Осындайда, осы мәселені көтере алмайтын, көтере білмейтін, тақырыпты аша алмайтын қазақтілді тілшілерге жаның күйеді. Бұл жағдайды тек қана маманның сөзімен бажайлайсың, Қуандық Шамақай - ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, Мадридтегі халықаралық журналистер ұйымының мүшесі-халықаралық журналист (http://www.tilmaydan.kz/?p=1625):
- Телевизияға маман таңдауда орасан көп қателіктерге жол беріледі. Қазір өмірінде елу жол заметка жазып көрмеген бәзбіреулер тележурналистерге ақыл айтқансып, жаңалықтар қызметін басқарғансып отыр. Әдебиет пен тарихтан бейхабар біреулер онан-мұнан көшіріп, телевизияға деректі фильмнің сценарийін жазады. ... Мұның бәрі маманның тапшылығынан болып отырған жоқ. Білікті маманның қарасын көрсе ат тонын ала қашатын, маңына жуытпайтын телеарна басшылары мен қосшыларының атын атап, түсін түстеп беруге болады. Онымен қоймай әлгі бейшаралар кім көрінгенді жұмысқа қабылдайды, - дейді.
Иә, өз қотырымызды өзіміздің қаси алмауымыздан, біреудің оны шыйқанға айналдыруынан зардап шегіп отырған жайымыз - осы. Әйтпесе, елдегі белгілі фонолог, қазақ дыбыстарының білгірі Әлімхан Жүнісбектің «Әліпбидің әңгімесі» (http://old.abai.kz/content/elipbi-engimesi) мақаласын телеэкранға екі тілде бірдей жұтындырып шығаруға не кедергі? Сөйтіп, қазақтың бас ауруын жазуға болады емес пе?! Тілшінің деңгейіндегі саясатты қазақ редакторлары мен директорларының жүргізе алмауы қазақ қоғамының қауқарын көрсетпей ме?!
«Абай-ақпарат»