Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 07:23

Шәріпхан Қайсар. Астаналық автобустар сүргіні

Өткенде, 5-нші тамыз күні сағат 14:11-де Астанада Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында «QY25k5» автокраны мен № 36 бағдардағы «Skania» жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың жолаушылары - 1952 жылғы Құрмашева, 1975 жылғы Ысмағамбетова, 1981 жылғы Әделшина және аты-жөні анықталмаған бір ер адам оқиға орнында мерт болды.Бұдан басқа, ауруханаға автобустың 7 жолаушысы жеткізілді.

Бұл ҚР ТЖМ таратып отырған ақпарлар легінен алынды. Мәселе - апаттың болғандығынан гөрі, назарымызды астаналық қоғамдық көлік тәртібінің шектен асып бара жатқандығында. Бұл саладағы қызмет ететін компаниялардың қызметшілері қарапайым мәдениетті меңгермегендер. Жарысып, жанталасып айдау өз алдына, ол бүкіл елге тән нантабыс жолындағы аламанға айналғалы қашан! Ал, астаналық кондукторлар қарапайым белет тексеруді жолға қоя алмай-ақ келеді: онсыз да сығылысқан көлік толы жұрттың арасымен айалдама сайын әрлі-берлі белет сатумен жұрттың да, өзінің де берекетін алып жүргені. Мұндай қызметті қостанайлықтар оп-оңай автобус айдаушы арқылы атқарып отыр, жарайды ол кішігірім қала дейік, ал Ақтөбеде жолаушылар шығарда ғана есептеседі, ол кондукторға да жолаушыға да аса ыңғайлы, соған ақтөбеліктерді көндіріп, жолаушылық мәдениет деңгейіне көтерген.

Астанадағы жұрт тасымалын атқаратын компаниялардан ондай мәдениет түгілі қарапайым, қалалық өмірге тән аялдаманы хабарлау іске аспай жатады. Астанаға жаз айларында миллиондап елдің түкпірінен келетін меймандар не айалдаманы, не маршрутты білмей дағдарып жүргені. Ең болмаса айалдама сайын қаптаған жарнаманың бірінің орнына маршруттардың картасын іліп қойуға болар еді ғой. Бәрінен де күлкі келтіретін жағдай сол - кондукторлар автобус ішінде айалдама хабарлаудың орнына, кім қай айалдамадан түсетінін есептеп жүргені, масқара, бұл әркімнің өзі ісі емес пе? Ал қоғамдық көлік жұрттың түсетін-түспейтіндігімен емес, әрбір айалдамаға айалдау үшін жасалған тасымал жүйесі екенін ұғатын компания басшылары бар ма екен? Шын мәнінде кондуктиор мен айдаушы арасын маршрутты кезу кезінде ешбір қызметтік араласу байланыстырмауы керек, айдаушы маршруты мен қауыпсыздықты білуі қажет те, ал кондуктор белет сату мен жолаушыларға жөн сілтеу ғана міндетіне круі керек. Оны ұқтыратын қала департаментіндегілер қай қозысын бағып жүр?

Осындай қарапайым мәдениет пен тәртіп болмаған салада қандай қауыпсыздық болмақ? Жанталасқан автобустар біресе автокранға ілінеді, біресе талға ұрынады болмаса өзара соқтығысады. Себеп: автобус айдаушылар кешегі тракторшылар,комбайншылар, ал кондукторлыққа қолға кім түссе соны алып, олар апта сайын өзгеріп жатыр, оларға қалада қызмет ету турасында ешбір семинар өткізіліп, сәйкес талап қойылмай отыр. Сосын жол тәртібі мен жолаушылардың амандығын кім ойласын?! Оған уақыт пен шама да жоқ... жүйесіз сүргіннен қол тимейді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364