Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2900 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 07:34

Қажымұқан Ғабдолла. Қазақ гибридінің гуілі

Британия - 1908 және 1948 жылдардағы шартараптың әйдік спорт саңлақтары екі рет күш саластырғаннан кейін, араға 64 жыл салып, биыл, 2012 жылы ХХХ Жазғы Олимпияда ойындарын үшінші рет өткізіп отырған жалғыз ел. Қашаннан жаңбырлы қала саналатын Лондон 5,5 млн. адамнан асатын қонақтарға құшағын айқара ашып, жарқын да жылы күндерімен қуантып еді...

Бірақ, Қазақ Елі құрамасының қуанышы көпке созылмады. Алдымен, Қазақстанның қайықта жүзуші жалғыз спортшысы Рафаиль Вергоязовтың бүкіл жүгі, соның ішінде қайығы мен барлық керек-жарағы Стамбул әуежайында ізім-қайым жоғалып кетті. Жарыстар алдындағы ең маңызды үш күнде Вергоязов жат қайықпен жаттықты...

Артынша Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (ВАДА) президенті Джон Фэйхи өткізген баспасөз мәслихатына бұл Олимпиаданы барынша таза өткізуге күш салған ұйым ойындар басталуға алты ай қалғанда тыйым салынған дәрмектер қолданғандары үшін қолға түскен әлемнің атақты 107 спортшысын жарысқа жібермеу жөнінде шешім қабылдағандығын мәлімдеді.

Бұл қара тізімге Қазақстанның азаматтығын жақында қабылдаған ауыр атлеттер Арли Шонтей мен Фархад Харки де ілініп қалды. Сөйтіп, «Лондонда қоржынымызға алтын салар», деген үміттегі екі жігітіміз шарбақтың сыртында қалды.

Шындығында бәсекенің мейлінше әділ де таза болғаны лазым ғой, дегенмен, мұндай сәтсіздіктер көңілімізге қаяу түсіргенімен, жігерімізді жасытпауға тиіс. Қазақ топырағының нанын жеп, суын ішкен басқа да жүйріктеріміз аз емес. Айталық, Александр Винокуров, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Максим Раков, Нұрмахан Тінәлиев, Дархан Баяхметов, Алмат Кебісбаев және т.б.

Атамыз қазақ ежелден: «Басы - қатты болса, аяғы - тәтті болады» деген, расында, Олимпиаданың алғашқы күні-ақ біздің велошабандозымыз Александр Винокуров құраманың қоржынына тұңғыш алтынды салып үлгерді.

Ә дегенше, Аспанасты елінен қазақ топырағына қоныс аударған дөңгелек жүзді, жолбарыс жүректі 19 жасар дүнген аруы Зүлфия Чиншанло қазақтың мерейін тағы бір тасытты...

Сірә, әлгі дүнген қызы туралы әдемі әнді қазақтың ақмаңдай жігіттері бекер шырқамаса керек. Көп ұзамай 27 жастағы тағы бір дүнгеннің сүйкімді қызы Майя Манеза 63 салмақ дәрежесінде шығып, зілтемірдің 245 келісін бағындырып, ресейлік қарсыласынан алтын жүлдені жұлып алды. 2008 жылғы Олимпиадаға жарақатына байланысты бара алмаған Майяжан өткеннің есесін екі есе қайтарды.

Олимпияданың жетінші күнінде Қазақ Еліндегі орыс қызы, ауыр атлетші Светлана Подобедова 75 келі салмақ дәрежесінде зілтемірді ұршықша үйіріп, қазақ топырағына 4-ші алтынды алып берді...

Содан Сыр бойының саңлағы, әлемдегі ең атышулы ауыр атлетшілердің бірегейі, Бейжің олимпиядасының жеңімпазы Илья Ильин екінші мәрте Олимпияда чемпионы атануымен қоймай, 11 жылдан бері тапжылмаған әлемдік рекордты жаңартты.

Тамылжыған тамыздың бесінші жұлдызы Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіру сайысында қарсыластарынан қара үзіп, Лондон олимпиадасының алтын медальін жеңіп алып, чемпион атанды. Сөйтіп, Қазақ Елінің қоржынына алтыншы алтын қосылды. Еңсеміз биік, ешкімнен кемшін емеспіз. Көңіл көтеріңкі, қуаныш көл-көсір...

Тек, көңілде бір түйткіл бар. Оны айтпасқа тағы болмайды. Қадым заманнан ата-бабаларымыз «Ауруын жасырған - өледі» деген, Александр мен Зүлфияны, Майя мен Светлананы жатсынғанымыз емес, дегенмен, біздің спорттың маңайындағы шенеуніктер жердің қожайыны, елдің иесі - қазақтардың ішінен неге Сашалар мен Зулияларды, Майялар мен Светаларды жас кезінен, кешенді түрде дайындамайды? Әлде, шеттен шақырып, жатқа жалтаңдап, қазақ гибридінің гуілімен мәңгілік далақтап, жүре бермек пе?..

Спорт - намыстың ісі, рухтың күші. Әлемдік ареналарда Қазақ елінің байрағы желбіреп, Әнұраны шырқалғанда, қазақтың қарадомалақ баласы жарқырап тұрса, һәм жарасымды емес пе?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364