Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1284 0 пікір 17 Қараша, 2021 сағат 14:58

Алматы облысында биыл тағы да 13 аудан газбен қамтамасыз етіледі

Облыс әкімі Амандық Баталов бас қалада өткен брифингте Алматы облысы тұрғындарының 61% газбен жылыту қолы жетеді деп есеп берді. Былтыр бұл көрсеткіш 59 пайызды көрсеткен, яғни облыс халқының 1,2 млн-ы газбен жылытуға көшкен.

Әкімнің айтуынша, Талдықорған мен Қапшағай қалаларында былтыр үш қазандық газға ауыстырылса, бұл жолы Талдықорған мен Ескелді ауданында тағы да үш қазандық алмастырылған. Оның үстіне Талдықорған қаласының экологиялық мәселесін шешу үшін толықтай газбен ғана жүретін  жаңа автобус алынды. Қазір автобустар жүріп тұр. Оған 2,3 млрд теңге бөлінген болатын.

Баталов қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 101 көпқабатты тұрғын үй кешеніне 31 блокты-модульді қазандық орнатылу үстінде екенін айтып, жақсы жаңалығымен бөлісті.

Abai.kz

0 пікір