Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3504 4 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 12:08

«Шынайы жетістік»: баға төртінші апта өспеді...

Азық-түлік бағасы асапндап кетті. Инфляция тоқтар емес. Ал телеарналар «Қазақстанда төртінші апта қатарынан азық-түлік бағасы өспеді» деген ақпаратты таратып әлек. Әрине бұл қуанарлық ақпарат емес, отыз жылдағы шынайы жетістігіміз осы болса керек.

Азық-түлік бағасының шарықтауы көктемде басталды. Қоймаларда көкөніс, сөреде сәбіз, қап түбінде картоп қалмады. Қазақстан билігі «асқан ақылдылық» танытып қоймадағы көкеністерді көршілес елдерге сатып, өзге елден өзі үш есе қымбат бағамен сатып алған кезді айтамыз. Міне, содан бері баға өсуы тоқтаған емес.

Президент бірінші қыркүйектегі халыққа жолдауында ең басты мәселенің бірі азық-түлік бағасын тежеу керектігі екенін атап өтті. Ал қазір баға қалай болуда?

Қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі айтарлықтай тоқтады. Бұл туралы арнайы «Еnergyprom.kz» арнайы зерттеу жүргізіпті. Әлеуметтік маңызы бар себетке кіргізілген 19 тауардың  6-сына баға өзгермеген, ал 8 тауардың бағасы 0,4%-ға артса, 5 тауардың бағасы 1%-2%-ға түскен. Бірақ бұл бір айдың көрсеткіші болса да, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 10,4%-ға артқан.

Қазан айында еліміздегі инфляция деңгейі 8,9%-ға жетті және оған азық-түліктің де өз әсері болды. Өйткені азық-түлік бағасы бір жылдың ішінде 11,3%-ға өскен, ал өзге тауарлар 7,8%ға, қызмет көрсету саласының бағасы 6,9%-ға артқан. Демек инфляцияға тікелей азық түліктің әсері болғанын түсіне аламыз.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын күнбағыс майы, көкөністер, қант және қарақұмық өнімдерінің бағалары да айтарлықтай өсті. Дәл осы санаттағы өнімдерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сондай-ақ өңдеу сегментіндегі өңдеуші кәсіпорындарда бағаның күрт өсуі күтілуде. Мәселен күнбағыс майының бағасы жылына 56,2%-ға қымбаттаған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден күнбағыс тұқымы 40,6%-ға қымбаттағанын айтса, май және тоң майдың өнеркәсіптік өндірушілері өз өнімдерінің бағасын 59,3%-ға көтерді. Сүт және ірімшік өңдеу сегментінде баға 4,6%-ға өсті, соның салдарынан сауда орындарында сүт бағасы  5%-ға қымбаттады.

Қант немесе қарақұмық үшін корреляция азырақ болды, өйткені бұл сегменттердегі нарық өз бағасын сырттан белгілейтін импорттаушылардың ережесіне тәуелді. Осылайша, қант өндірушілер өз өнімдерінің құнын 14%-ға қымбаттатқан болса, бөлшек саудада қант бағасы қазірдің өзінде 25%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті қант зауыттары саладағы сұраныстың 44,5 пайызын ғана қамтыған. Бұл тіпті еліміздегі қанттың жартысына да жетпейді деген сөз.

Мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сауда маржасын бақылайды. Саудагерлер сатып алушыларға арналған бәсекеде негізгі азық-түлік өнімдеріне ең төменгі бағаларды ұсынуға тырысады. Мәселен, шаруалар жұмыртқа бағасын жылына 26,9%-ға көтергенімен, бөлшек саудада 2021 жылдың қазан айының соңында 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда он жұмыртқаның бағасы 13,1%-ға қымбаттаған. Сонымен бірге күріш өндірушілер бағаны жылына 5,1%-ға өсірсе, еліміздің дүкендері мен базарларындағы бағалар бірнеше жылдан бері айтарлықтай өспеген дейді сарапшылар.

Бір айта кетерлігі, азық-түлік бағасының өсуі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалуда. Мәселен, ЕО-да азық-түлік бағасы ағымдағы жылдың қазан айында 2%-ға, АҚШ-та 5,3%-ға қымбаттады. Нәтижесінде ЕО-да инфляция 4,1%-ды құрап, 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде ғана байқалған ең жоғары көрсеткішке жетті, ал АҚШ-та 1991 жылдан бері алғаш рет инфляция 6,2%-ға көтерілген. Баға өсіміне коронадағдарыс салдарынан түрлі саладағы шектеулер мен дағдарыстар әсер етуде дейді мамандар.

Дегенмен шикізат өндіру ретінде қалыптасқан Қазақстан 19 млн халық қажетті азық-түлікпен 100 пайыз қамтамасыз ете алмай, сыртқа нарықтың бағасына тәуелді болуы да қуантарлық жағдай емес.

Ка Мырза

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328