Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2655 0 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 17:15

Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады

Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар Сенаттың алдағы отырысында қарауға ұсынылған мәселелерді бекітті.

Сенат отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы енгізілді. Заң жобасы адамгершіліктің қылмыстық-құқықтық сипаттағы бір жолғы актісі ретінде әзірленді. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға бағытталған. Қауіпті, ауыр немесе аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Отырыстың күн тәртібіне көрнекі ақпаратты ресімдеу, орналастыру рәсімдерін жетілдіруге, діни бірлестіктерді құру және тіркеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасауға арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қарауға енгізілетін болды.

Бюро отырысында сондай-ақ Мәжілістен бұрын келіп түскен заң жобалары одан әрі жұмыс істеу үшін Сенат комитеттеріне бөлініп берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333