Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2874 0 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 17:17

Тоқаев ДДСҰ басшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария Конфедерациясына ресми сапары ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесуден басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Бас директорға еліміздің пандемияға қарсы іс-қимылдар жөнінде қабылдап жатқан шаралары, оның ішінде қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы әзірлеген препараттары мен халыққа жаппай вакцина салу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Андханом Гебрейесуспен бұған дейінгі кездесулерін еске ала отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның сенімді әріптесі екенін атап өтті.

«Біз Сіздің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Өкінішке қарай, әлем күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Қазір коронавирустің жаңа штаммы - «Омикрон» анықталды. Біз індетпен күресте әрдайым бірге болуымыз керек», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Адханом Гебрейесуске екінші жаңа QazCoVac-P вакцинасы туралы айтты. Аталған препарат клиникалық зерттеулер фазасына кандидат вакциналар тізіміне енгізілді.

Президент қазақстандық вакцинаға қолдау көрсеткені үшін ДДСҰ басшысына алғыс айтты. Мемлекет басшысы ДДСҰ-ның вакцинаға тең құқықты және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылысын толық қолдайтынын атап өтіп, қазақстандық вакцинаны мұқтаж елдердің бәріне ұсынуға дайын екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329