Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 5773 9 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:38

Халықты қыса беруге болмайды

1. Халық қолма-қол ақшаны пайдаланудың салдарынан жұқпалы індеттер, коронаврус қайта күшейеді. Халық тағы да қырылады.

2. Қолма-қол ақшаның жетіспеушілігінен, қайтаратын ұсақ тиындардың болмауынан халық сатушыларға желінеді.

Таксидің сізге қайтаратын 50 теңгесі болмаса, сіз күтіп тұра алмайсыз.

Мысалы, 1 күнде 10 миллион адам, 100 теңгеден желінсе, 1 күнде 1 миллиард теңге болады.

Бұл шамамен 100 теңге тұратын 10 миллион буханка нанмен бірдей.

3. Ұлттық Банк қағаз тиын ақша шығару үшін қазынадан жүздеген миллиард теңге жұмсайды.

4. Менің ұсынысым, шаштараз, етікші, такси, дүкеншілер, көшеде шемішкі сатып отырған әжелер бұрынғыша патентпен салық төлей берсін.

Оларға үкіметтің көзі қалмасын, шағын кәсіпкерлер үкіметтен ақша сұрап жатқан жоқ, қайта өз-өзін асырап, 1 адам болса да жұмысқа алып, мемлекетке аз да болса салық төлеп отыр.

Салықты көтергілеріңіз келсе,

5. Қазақстандағы ең ірі 500 өндіріс бар. Олар мұнай, газ, алтын, күміс, уран, темір, көмір өндіріп отыр, соларды тексеріңдер!

Елімізде жылына 90 миллион тонна мұнай өндіреміз, 1 барель мұнайдың бағасы 75 долларға жетті.

Сол ақша қайда кетіп жатыр?!

Тексергіш болсаңдар соларды тексеріңдер!

Қарапайым халықта шаруаларың болмасын!

Жәнібек Қожық

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963