ҚазҰАУ студент-курсанттары Отан алдында ант берді
Тамыз айының 12 жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бас ғимаратының алдында, осы университеттің әскери кафедрасында білім алып жатқан 264 курсанттың Отан алдында салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті.
Курсанттардың әрқайсысы бұйрық бойынша алға шығып, Отан алдында салтанатты түрде, әскери борышын адал өтеуге, Қазақстан халқы мен Президентіне адал болуға, егемен мемлекетіміздің заңдарын қастерлеп сақтауға және өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің қиыншылықтарын көтеруге ант етті.

«Салтанатты ант беру рәсімі - кез келген әскери қызметкердің өміріндегі ең айтулы сәт. Отан алдында, халық пен Президентке адал болуға әскери ант беру - әрбір жастың сана-сезіміне зор әсерін тигізеді, сондай-ақ өз өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауға үйретеді», - дейді әскери кафедраның бастығы, полковник Б.Дүйсембаев. Оның айтуынша, университеттің әскери кафедрасында 4 әскери мамандық бойынша дайындық жүргізіледі, сонымен қатар өзге ЖОО-дағы әскери кафедралардан бір ерекшелігі: «ветеринарлық санэкспертиза» мамандығы бар. Дайындықтан жоғары деңгейде өткен кафедра түлектеріне биыл алғаш рет лейтенант атағы беріледі. ҚазҰАУ-нің әскери кафедрасы берген ақпараттар бойынша, қазір курсанттар әскери дайындықтың соңғы кезеңі саналатын жаттығу жиынына қатысуда. Салтанатты ант беру рәсіміне университет басшылығымен қатар соғыс және Қарулы Күштер ардагерлері, студенттердің ата-аналары да қатысты. Тәлімгерлерді осы мәртебелі сәтімен құттықтаған университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлы әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы мен жауапкершілігі турасында келелі ой қозғады. Ардагерлер кеңесі атынан сөз алған қадірменді ақсақал, полковник Қазбек Мансұров бұл күннің болашақ офицерлер үшін де, университет үшін де тарихи маңызды сәт екенін баса айтты. Курсант Еректыбаев Дулаттың анасы Алматы облысының Текелі қаласынан осы шараға арнайы келген екен. Өз қуанышы мен толқынысын жасыра алмаған Насиха Еректыбаева: «Қызым екеуміз осы салтанатты шараның куәгері болып отырмыз. Дулат әрдайым жақсы оқыды, спортпен шұғылданды, ҰБТ-ны да жақсы тапсырып, грант иегері атанды. Міне, енді бүгін өз Отанының алдында азаматтық парызын адал атқаруға ант беріп отыр. Анасы үшін бұдан асқан мақтаныш жоқ болар. Дулат пен оның жолдастарына осы мәртебелі күн құтты болсын деймін. Қазақстанымыз әрдайым өсіп-өркендеп, балаларымыздың еңбектері жемісті болсын!» - деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Айдана Пункитбайқызы