Сейсенбі, 26 Қараша 2024
5001 26 пікір 3 Желтоқсан, 2021 сағат 15:08

Жаңаөзен көтерілісі, Назарбаев не деді?

Нұрсұлтан Назарбаев «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмінің екінші бөлімінде 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы айтып берген.

«Мереке кезінде алаңда тойлап жатқан адамдарға шабуыл жасау – бұл Әбләзовтің жұмысы. Қазір бәрі түсінікті, біз тексердік. Олар ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ ішкізген. Тәуелсіздік күні. Сахнада концерт болып жатты, ол жерде адамдар тұрды. Олар сахнаны қиратты.  Мұнымен тоқтап қалмай, қару табу үшін полиция кеңсесін талқандауға барды», - деді экс-президент.

Нұрсұлтан Назарбаев түнде тікұшақпен Жаңаөзен қаласына барады. Оқиға болған жерде өртенген дүкендер мен пошталар, қираған полиция бөлімшелері қалған. Ол қала тұрғындарын жинап, азалы жандарға көңіл айтады.

«Неге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау кезінде, бүкіл әлем ұлтымызды біліп жатқанда Жаңаөзенде осындай жағдайға тап болдық? Сол күні жазықсыз адамдар қаза тапты. Көңіл айту үшін келдім», - деген Елбасы сөйлеген сөзінде.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6069