Сенбі, 23 Қараша 2024
3031 3 пікір 3 Желтоқсан, 2021 сағат 15:11

Мүмкіндігі шектеулі жандар наразылыққа шықты

Наразылыққа Қарағанды, Қызылорда тағы басқа да республика аймақтарынан жиналған 20 шақты адам шыққан. Олар мүгедектер құқығы бұзылғаны туралы Еуропарламентке үндеу жолдаған. Жиналғандар ҚР Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлеріне жаза қолдануды талап етті.

Наразылыққа шыққан адамдардың бірнеше шағымы бар :

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысын көтеру;

Медициналық көмек көрсетпегені үшін министрлерге санкция салу;

Қымбат дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлікті жою сияқты негізгі талаптарын қойып отыр.

Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері ұйымда мемлекеттік тексеріс жұмыстары жүргізу керек деп санайды.

«Біздің, зағиптардың есебінен, ол мемлекеттен мемлекеттік сатып алу түрінде ақша алып, өзін байытады, бірақ қарапайым мүшелері соның салдарынан толықтай ақшаларын ала алмайды» деп жауап берген наразылыққа шыққандердың бірі.

Шеру ішінде жүрген экс-депутат Нұржан Әлтаев бұрын мансабы барда неге мүгедектігі бар жандарға көмектесе алмағанын айтты

«Айқын шекара бар: бір вице-министр екінші вице-министрдің жұмысына араласа алмайды. Ол тек өз бағытына жауап береді. Бірақ мен Светлана Жақыповаға мүгедектерді қолдау туралы ұсыныстарымды үнемі айтып жүрдім, бірақ олар ескерілмеді» деді ол, өзінің әлеуметтік мәселемен емес, тек еңбек саласына жауапты болғанын айқындап.

Наразылық білдірушілер депутаттардың сыртқа шығуын талап етсе де ,  депутаттар шықпаған. Әкімдік қызметкерлері шерудің заңсыз екенін айтып, оларға Еуропарламентпен байланысуды сұраған. Алайда олар берген нөмірге байланысу мүмкін болмады.

Ақырында жиналған қауым өтініштерін электронды түрде беруге келіскен.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366