Сенбі, 23 Қараша 2024
2642 3 пікір 8 Желтоқсан, 2021 сағат 13:50

Тоқаев рақымшылық заңына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11310 адам түседі, 1000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады. Соталды өндірістегі 5000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404