Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 7860 58 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 11:36

КСРО-ның табытына шеге қаққан үш славян

1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежде Ресей, Украина және Беларусь басшылары «КСРО геосаяси шындық ретінде өмір сүруін тоқтатады» деген сөзбен тарихи келісімге қол қойды. Оның орнына жаңа мемлекетаралық ұйым пайда болды. Ол бүгінде ТМД деп аталды. Осылайша жетпіс жылдан астам уақыт бойы 15 елді билеп-төстеген одақ келмеске кетті. Польша шекарасына жақын маңда келісімге қол қойған үш славян мемлекетінің басшылары осылайша бір державаның табытына шеге қақты.

Беловежские соглашения — Википедия

«1991 жылы 8 желтоқсанда Кеңес Одағына қарасты үш славян республикасының басшылары Беловеждегі аңшылар үйіне жиналып, алып елдің тағдырын тас-талқан етті. Қаламның соққысымен-ақ, олар КСРО-ға өлімші етіп соққы берді, соққының ауыр болғаны соншалықты, ол соққы араға отыз жыл уақыт салып, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске ұласты», - деп жазды The Independent.

Первый президент Украины назвал свою ошибку в отношениях с Россией — РБК

Екі аптадан кейін Кеңес Одағының тағы сегіз республикасы осы қауымдастыққа қосылып, 1991 жылы 25 желтоқсанда отставкаға кеткен КСРО президенті Михаил Горбачевтің өкілеттілігі тоқтады, ал 26 желтоқсанда КСРО туы түсіріліп, тарих қойнауына кете барды. Орақ пен балға құлады.
Бұл келісімнің жасалғанын сол кезде Беларусь басшысы болған Станислав Шушкевич мақтанышпен айтады. Ол Ресей басшысы Борис Ельцинмен және Украина басшысы Леонид Кравчукпен бірге қол қойған құжатты «дипломатиялық шедевр» деп танитынын жасырған емес.

Борис Ельцин. Биография человека, разрушившего СССР

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігіне берген сұхбатында 86 жастағы Шушкевич: «Ұлы империя, ядролық держава өздері қалағандай тығыз ынтымақтастыққа мүмкіндік алған тәуелсіз елдерге ыдырап, бір тамшы қан төкпестен жоқ болды», - деді.

Алайда қантөгістер кейін болды. Оған Мәскеу тікелей қатысып, тіпті өзі соғыс ошақтарын бастады. Грузия, Абхазия, Тәжікстан, Ресейдің өз аумағындағы Кавказ қырғыны, Украина...Тізе берсе тізім кең.

Украинаның шығысында Ресей 2014 жылы қанды қақтығыс бастап, Қырымды аннексиялап алды. Соғыстан 14 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұл Ресейдің КСРО ыдыраған кезде қол қойған құжатқа түкіре қарағаны болатын.

Горбачев өзінің естеліктерінде 1991 жылы жасалған келісім туралы, оның бірнеше ай бұрын кеңестік республикалар арасында жаңа «одақтық шартқа» қол қойып, КСРО-ны ыдыраудан сақтауға талпынысы туралы айтқан болатын. Онда ол барлық әрекетінің сәтсіз аяқталғанын да жазған.

«Олар асығыс түрде Беловежде жасаған әрекеттері, жаралы бірақ, әлі тірі адамды тезірек өлтіріп, бөлшектеп тастауға ұмтылу әрекеті іспеттес еді. Билікке деген ұмтылыс барлық мүддеден биік тұрды», - деп жазды Горбачев.

Шушкевич рассказал, как согласился подписать Беловежские соглашения — РТ на русском

Бірақ Шушкевич болса:: «Біз халықтар түрмесін жабуға шешім қабылдадық. Ешқандай өкініш жоқ еді», - дейді.

Оның бұл сөзі, қазіргі Лукашенконың ұстанымы мен көзқарасына мүлде қарсы келетіндей. «Одақтас ел» принципімен Ресейге қосылуды ойлаған Лукашенко, жаңа КСРО жобасы пайда болса, қолдайтындай.

Шушкевичтің айтуынша, ол да, қалған басшылар да Горбачевтің қалған 12 республиканы біріктіріп ұстау әрекетінен ешқандай мән-мағынаны көрмеген. Балтық жағалауындағы Латвия, Литва және Эстония республикалары бөлінетіні анық еді, ал Горбачевқа қарсы ұйымдастырылған тамыз бүлігі оның беделін жоқ қылды.

«Одақтық келісімнің барлық нұсқалары ескі тәртіпті қалпына келтіруге немесе Горбачевтің көшбасшы болып қалатын жаңа құрылым туралы ұсынысына дейін қысқартылды», - деді Шушкевич.

Шушкевич, Ельцин және Кравчук 7 желтоқсанда бірнеше көмекшілерімен бірге Польша шекарасына жақын Вискули иелігіне келеді. Сол күндердің атмосферасын сипаттай отырып, келіссөзге қатысушылар оны «шиеленіске толы болды» деп сипаттайды. Егер қаласа, Горбачев оларды сатқындық жасады деп тұтқындауына болатын еді. Алайда ол ондай қадамға бармады.

Шушкевич аңшылар резиденциясында болған республикалық КГБ басшысы Эдуард Ширковскийдің ешқандай қауіп жоқ деп сендіргенін атап өтті. Алайда жылдар өткен соң Ширковский оларды тұтқындауға бұйрық бермегеніне өкінген болатын.

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігіне берген сұхбатында Шушкевич билігі тез әлсіреп бара жатқан Горбачев оларды тұтқындамақ болады деп күтпейтінін де айта кеткен. «Менің ойымша, Горбачев қорқақ болды және ондай шешімге бара алмас еді», - дейді Шушкевич.

Горбачев Кремльдің қожайыны болуға тырысып, Кеңес Одағының ыдырауына бастамашы болды деп, өзінің қас жауы Ельцинді айыптады. 2007 жылы 76 жасында дүниеден озған Ельцин КСРО құрдымға кеткен соң, дұрыс әрекет етуді талап етті. Оның айтуынша, Беловеж келісімі орталық билік пен Тәуелсіздікке бейім республикалар арасындағы қайшылықтың алдын алудың бірден-бір жолы болды.

Сол тарихи кездесуге қатысушылар Украина басшысы Кравчуктің Кеңес Одағының ыдырауында шешуші рөл атқарғанын атап көрсетті. Горбачевтің билігін қатты әлсіреткен тамыз бүлігінен кейін Украина Тәуелсіздігін жариялады. Беловеж келісімдерінің жасалуынан бір апта бұрын дауыс беру нәтижесінде Кравчук Украина президенті болып сайланды, оған қатысушылар да Мәскеуден Тәуелсіздік алуды қолдап дауыс берді. Келіссөздерде Кравчук Кеңес Одағының барлық модернизацияланған нұсқаларынан бас тартып, қатаң ұстанымға ие болды. Ол КСРО-ның ыдырауын талап ететінін нақты көрсетті.

Ельциннің аға көмекшісі Сергей Шахрай да Украинадағы сайлаудың шешуші рөл атқарғанын айтты.

«Украинаның Тәуелсіздік туралы референдумы және Украина Жоғарғы Кеңесінің 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы келісімнен бас тарту туралы шешімі ыдырау үдерісінің саяси және құқықтық аяқталуына әкелді», - деді Шахрай.

«Ельцин мен Шушкевич алғашында Кравчукты одақтың қандай да бір түрін сақтап қалуға көндірмек болды, бірақ референдумнан кейін ол бұл сөзді естігісі де келмеді», - дейді Шахрай.

Осылайша үш славян басшысының Беловежде келісім жасауы, КСРО атты халықтар түрмесін келмеске кетірді. Ал Украина басшысының КСРО-ны модернизациялауға қарсы болуы, одақтың жандануына мүмкіндік қалдырмады.

Ка Мырза

Abai.kz

58 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394