Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3547 0 пікір 13 Желтоқсан, 2021 сағат 17:01

Ресейдің капиталы сыртқа кетуде

Қытай құрылыс компаниясы Evergrande ақыры өзін дефолт деп жариялады. Рейтинг агенттігі Fitch Ratings-тың айтуы бойынша бұл жаңалық әлемдік нарыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Fitch Ratings агенттігі компания мен оның филиалдарының рейтингін "шектеулі дефолтқа" дейін төмендетті. Бұл 6-желтоқсанға шейін төленіп болуға тиісті бондтың төленбей қалуымен байланысты болып отыр, компания $645 млн және в $590 млн төлеуге тиісті болатын.

Evergrande — Қытайдың аса ірі компанияларының бірі. Қазір оның 171 банк пен 121 қаржы компанияларының алдында қарызы бар. Қарыз көлемі $305 млрд. Дефолттан кейін Қытай банктері кредиттеуді едәуір қысқартатын болады және шетел инвесторлары Қытайға қаржы құюды шектейтін болады.
Ал Ресейде ақшаның шетке кетуі соңғы 7 жылда рекордтық көрсеткішке жеткен. Ресей бизнесі оффшорлық счеттарды барынша пайдаланып, бұрын-соңды болмаған көлемде шетелдік акцияларды сатып алып, жинақталған қаржыны рубль аймағынан сыртқа тасып әкетіп жатыр. Қаңтар-қараша айларында жеке сектор бойынша сыртқа кеткен капитал $73,9 млрд-ты құрап, өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 1,5 есеге асып түскен. Қазақстан туралы ашық ақпарат көздерінде нақты мәлімет жоқ.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

0 пікір