"Жалпы алғанда Covid-19 ахуалы оптимистік сценарий бойынша келе жатыр" деді Алексей Цой 14 желтоқсан күнгі үкімет отырысы кезінде.
Оның айтуынша, кейінгі екі аптада ауру көрсеткіші 31 пайызға азайған. Стационар мен амбулаторлық жағдайда ем алғандар 1,7 пайызға сиреген. Қазір инфекциялық орындардың – 23 пайызы, реанимациялық орындардың 20 пайызы бос емес.
Дегенмен сейсенбілік үкімет отырысында маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау ережесі әлі маңызды екені айтылды. Вакцина және ревакцинацияны жеделдету қажеттігі сөз болды.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар 8,3 млн адамға жеткен. 150,6 мың жасөспірімге және аяғы ауыр немесе бала емізіп жүрген 38 мың әйелге Pfizer вакцинасы салынған.
2020 жылдың наурызынан бері елде 980 372 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 12,8 мыңы қайтыс болған. 83 мың адам "ковидтектес пневмониямен" ауырған. 5,1 мыңы қайтыс болған.
Abai.kz