Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3263 0 пікір 23 Тамыз, 2012 сағат 11:31

Қажымұқан Ғабдолла. Ертеңнің елеңі

Ұйқымыз бұзылды...

Алғашында мұны «кездейсоқтық» деп қабылдағанбыз. Арқанкергенде қыршынынан қиылған жастарды ойлап, жанымыз ауырғанымен, «ақыры жақсы боларға» сайғанбыз...

Бірақ, көп ұзамай ұйқымыз қайта бұзылды. Алматының маңайындағы Боралдайда, сосын, халық тығыз қоныстанған Таусамалы кенті мен Таң саяжайында жарылыстар мен атыстар болды, енді, міне, Іле Алатауының етегіндегі (Алматы облысы) Ақсай шатқалында 11 адамның аса қатыгездікпен өлтірілген денелері табылды.

Бұрын «бұзақылар қаптап жүр» деп қалың қаладан қорқатын едік, ендігі жерде жапан даладан үрейленетін болдық. Қайда барып паналаймыз? Қандай қауіпсіз жерде қаңғыған оқ пен өткір пышақтың қаупінен құтылуға болады?.. Қысқасы, жанға жайлы, тәнге тыныш Асан Қайғының жерұйығы қазақтың топырағынан тұра қашқанға ұқсайды...

«Бағанашыл» аталатын мекен - Алматының бай-бағылан­дары мен олигарх-шонжарлары (яғни, «елдің ең ірі ұры-қарылары» деп түсінсеңіз, қателеспейсіз...) шоғырланған ауасы азон, суы бал, жәннәттай жер.

Осынау жер жәннәтінда алдыңғы майдан шебіндегідей кескілескен атыс болып, ресми хабар бойынша, «антитеррорлық операция» жүргізілді. Нәтижесінде, «5 қаскүнемнің» көзі жойылыпты. Арқасы кең, қалтасы мол, қайғы-мұңсыз мырза-тұрғындар арасында құрбан­дар мен жәбірленгендер жоқ.

Есесіне әділетсіздікке жаны қас, табиғатты анасындай әлпештеген Ақсай шатқалындағы орманшы Панайот Захаропуло мен оның ұлы қазаға ұшырады...

Ең қорқыныштысы: соңғы кезде елімізде аспаннан аяқтары салбырап түскендей «қаптап кеткен терроршыларды» жоюдың сылтауымен күн құрғатпай адамдарды қаңғыбас иттердей қырып салу жиілеп әрі үдеп, үрдіске айналып барады. Жұрттың да бұған еті үйрене бастады. Таңертең ұйқысынан тұрған адамдар бір-бірінен: «Бүгін қай жерде атысыпты? Қанша адам қаза болыпты?» дейтін жайсыз хабарларды: «Дүкеннен сүт әкелдің бе?» дегендей, аса салқынқандылықпен қабылдайтын болды...

Шынымен, ертеңімізге елеңдей бастадық...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315