Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 22 Желтоқсан, 2021 сағат 16:17

Almaty Qogam пост-релизі

Алматыда жергілікті мемлекеттік қызметтер мен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту жобасының қорытындысы шығарылды. «Almaty Qogam» жобасы барысында 4 диалогтық алаң, бизнес-қоғамдармен 10 кездесу, ҮЕҰ мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтер, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізілді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығарылған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Тұжырымдама халыққа шешім қабылдау үдерісіне қатысу мен оны бақылау мүмкіндігін беретін инфрақұрылымы бар және атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара әрекет механизмі қалыптасқан, азаматтардың қызығушылығы маңызды болып табылатын мемлекетті ұйғарады. Сондықтан жобаның мақсаты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы ашық диалогты дамыту болды. Жобаны «Social Development Center» қоғамдық фонды Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырды.

Диалогтық алаңдардағы тақырыптарда қоғамдық келесім, қалалық транспорт, Алматының экологиялық мәселелері және халықтың жаппай несиелендірілу қаупі сұрақтары қойылды. Конструктивті талқылауларға мемлекеттік басқармалардың басшылары да, бейіндік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мамандары да қатысты. Жеке алғанда, жаппай несиелендіру жөніндегі диалогтық алаңға Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының банктік емес ұйымдары және Банк секторын дамыту орталығы тұтынушыларының құқығын қорғау директоры, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, саяси партия өкілдері және Алматы қаласы азаматтық қоғамының басқа да мүшелері қатысты.

Жобаның басқа бағыты үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мне жергілікті шенеуніктерге оқыту семинарларын өткізу болды. Қатысушылар тренинг барысында кикілжің жағдаяттарын басқарудан бастап гранттық қаржыландыру саласында ҮЕҰ-мен өзара әрекетке дейінгі әртүрлі салада білім алды.

Әлеуметтік серіктестікті дамыту аясында коммерциялық емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және мемлекеттік қызметтердің кездесулері өтті. Осылайша, Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасымен, «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорымен, «Халық» қайырымдылық қорымен және «СПП»Алматы» акционерлік қоғамымен онлайн-сессиялар іске асырылды. Алматы қаласы әкімдігі қарамағындағы ҮЕҰ-мен серіктестік және өзара әрекеттестік Кеңесінің ұйымдастырылуы маңызды оқиғалардың бірі болды. Дөңгелек үстел іс-шарасы барысында әкім орынбасары, Ержан Бабакумаров, қалалық әкімдіктің 11 басқармасының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың 20 аса өкілдері жиналды. Қатысушылар Алматы қаласы әкімдігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетінің жағдайын талқылады.

Жобаның аяқталу қарсаңында ауа жағдайы, қоғамдық транспорт, автокөлік жолдарын жөндеу, мемлекеттік балабақшалар және т.б. бірнеше әлеуметтік маңызды бағыт бойынша халықтың қажеттіліктер картасы жасалды. Карта қоғамның қандай да бір қалалық қызметтердің жұмысына қанағаттану деңгейін көрсетеді.

http://www.almatyqogam.kz ресми сайтында жоба барысымен толық танысуға және халықтың қажеттіліктер картасын көруге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371