Компания таратқан мәліметке қарағанда, зауыт 2029 жылға таман мыс өндірісін 400 мың тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Сол кезде табыс 7-8 миллиард доллар болады.
Кәсіпорындағылардың мәлімдеуінше, 2030 жылға қарай әйлемде мысқа сұраныс 40 пайызға артады. Ёшлик-1 кенінде мыстан бөлек 50 тонна алтын және 270 тонна күміс өндіріледі деп жоспарланған.
Есепке қарағанда, Өзбекстан мыстың 60-70 пайызын шикізат түрінде шетелге сатып отыр.
Биыл 29 шілдеде президент Шавкат Мирзияев Алмалық тау-кен комбинатында үшінші байыту фабрикасының іргетасын қалады.
2024 жылы іске қосылатын өндіріс кешенінде 6 мың адам жұмыс істейді. Жобаның жалпы құны - 4,894 миллиард доллар. Мыс байыту фабрикасы бір жылда 60 миллион тонна мыс-молибден кенін өңдейді.
Abai.kz