Жұма, 22 Қараша 2024
4093 3 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 14:28

Ресей: Украина шекарасынан әскерімізді әкетеміз

Ресей қорғаныс министрлігі Украинамен шектесетін аймақтағы әскерлерін әкетіп жатқанын хабарлады. Мекеме мәлімдемесінде Оңтүстік әскери окурындағы әскерлердің бір айлық жаттығуы аяқталғанына байланысты 10 мыңнан астам жауынгер кері қайтарылған.

"Әскери дайындық бойынша жаттығулар Астрахан, Волгоград және Ростов облыстарында, Ставропол және Кубанда, Солтүстік Кавказда және Қырымда, сонымен бірге Абхазия, Армения және Оңтүстік Осетияда өтті", - деп жазылған министрлік сайтындағы мәлімдемеде.

25 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ конгрессмендері және сенаторлармен онлайн сөйлескен. Онда Донбасстағы бақылау және орыс-украин шекарасындағы ресейлік әскерлер туралы сөз болған.

Қараша айында Conflict Intelligence Team ұйымының зерттеушілері Ресей Украинамен шектесетін аймағына әскерлерін және техникасын орналастырып жатқанын айтқан. Бұл мәліметті Пентагон да растап, орыс-украин шекарасындағы әскерлер туралы барлау мәліметтерін Киевке бермек болған.

Желтоқсан басында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ лидері Джо Байден видео байланыс арқылы сөйлескен. Байден Мәскеуге Украинаға шабуыл жасаса, қатаң санкциялар қоятынын ескерткен.

Путин Байденге НАТО әскерінің Украина аймағына дейін кеңейтілгенін қаламайтынын жеткізген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318