Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3503 0 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 16:56

2021 жылдың басты оқиғасы - жер туралы шешім

Әдеттегідей, жылдың соңында журналистер хабарласып биылғы жылдың ең маңызды саяси оқиға-нәтиже қандай болды деген сұрақтарын қоя бастады.
Иә, қазіргі таңда жұрттың бәрі жыл қорытындыларын жазып отыр ғой, тіпті байқау ұйымдастырып жатыр: "жыл адамы", "ең сүйікті бірдеме...", "ең үздік анау...", "ең жақсы мынау"...

Ал мен ең маңызды саяси нәтиже ретінде жер мәселесін айтар едім. Естеріңізде болса жылдың басында президент Тоқаев мырза "жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді" деген мәлімдеме жасады. Кейін бұл шешім заңмен бекітілді. Қазір біз бұл туралы ұмытып бара жатқан секілдіміз. Бірақ өтіп бара жатқан жылдың халқымыз ең күткен шешімі осы болды деп ойлаймын.

Бұл мақсат үшін Макс Боқаев пен Талғат Аян түрмеде бірнеше жыл отырып шықты. 2016 жылы бірнеше қалаларда халық көшеге шығып нақты осыны талап етті. Түбі халық қалайтындай президент Тоқаев 5 жылдан кейін бұндай шешім шығарды. Тарихи тұрғыда қарағанда нақты бұл шешім ең маңызды деп санаймын.

Жер ешкімге, тіпті Қазақстан азаматтарына да жекеге сатылмасын деген халықтың талабы да түбі орындалады деп сенем. Соған келесі жылы бәрімізді Жаратқанымыз жеткізсін, ал біз соған ат салысамыз, амандық болса!

Мұхтар Тайжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318