Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7364 0 пікір 31 Тамыз, 2012 сағат 11:14

Асанқайғының арманы

 

Оқырман шығармашылығынан

Кеткенi жоқ тыныштық текке бiзден,

Қауышпасақ болғаны өткен iзбен.

Әттең, қазақ жасаса бiр аралда,

Айналасы қоршалған көк теңiзбен.

 

Жау дегендi шаршады халық ойлап,

Содан үрке бастады абырой, бақ.

Жатар едi, шiркiн-ай, дауылды күн,

Iргемiзде толқындар салып ойнақ.

 

Толық болса қазақтың үш баласы,

Естiлмесе еш жерден дұшпан аты.

Алыс болса сол арал мына Орыстан,

Талып жетсе көктемде құс қанаты.

 

Тұрса халқы бақ тiлеп, ырыс тiлеп,

Жарқылдаса атызда күмiс күрек.

Алыс болса сол арал Қытайдан да,

Жүретұғын жер жүзiн тiмiскiлеп.

 

Ешкiмнiң да жетпесе сөзған қолы,

Бүтiнделсе түгелдей тозған жолы.

Үндемесе бiр пенде сен кiмсiң деп,

Күндемесе, қатардан озғанда оны.

 

Мұндай шақта кiсiнi мұң баса ма,

Той көрiгiн қыздырса күллi асаба.

Таулар болса көсiлген өз әлiнше,

Алатаудай көк тiреп тұрмаса да.

 

Жүрсе әжелер қыдырып, көршi барып,

Тұрса ағалар далада жер суарып.

Аранасынан өзендер адаспаса,

Жатпаса да Ертiстей жөңкiле ағып.

 

Қажыдық қой көп түртпек, көп iстiктен,

Бiр iсiм жоқ әлiге тегiс бiткен.

 

Оқырман шығармашылығынан

Кеткенi жоқ тыныштық текке бiзден,

Қауышпасақ болғаны өткен iзбен.

Әттең, қазақ жасаса бiр аралда,

Айналасы қоршалған көк теңiзбен.

 

Жау дегендi шаршады халық ойлап,

Содан үрке бастады абырой, бақ.

Жатар едi, шiркiн-ай, дауылды күн,

Iргемiзде толқындар салып ойнақ.

 

Толық болса қазақтың үш баласы,

Естiлмесе еш жерден дұшпан аты.

Алыс болса сол арал мына Орыстан,

Талып жетсе көктемде құс қанаты.

 

Тұрса халқы бақ тiлеп, ырыс тiлеп,

Жарқылдаса атызда күмiс күрек.

Алыс болса сол арал Қытайдан да,

Жүретұғын жер жүзiн тiмiскiлеп.

 

Ешкiмнiң да жетпесе сөзған қолы,

Бүтiнделсе түгелдей тозған жолы.

Үндемесе бiр пенде сен кiмсiң деп,

Күндемесе, қатардан озғанда оны.

 

Мұндай шақта кiсiнi мұң баса ма,

Той көрiгiн қыздырса күллi асаба.

Таулар болса көсiлген өз әлiнше,

Алатаудай көк тiреп тұрмаса да.

 

Жүрсе әжелер қыдырып, көршi барып,

Тұрса ағалар далада жер суарып.

Аранасынан өзендер адаспаса,

Жатпаса да Ертiстей жөңкiле ағып.

 

Қажыдық қой көп түртпек, көп iстiктен,

Бiр iсiм жоқ әлiге тегiс бiткен.

Қаланы да жасап-ақ алар едiк,

Даланы да көмкерiп егiстiкпен.

 

Өсiрсек кеп намысты ұл, арлы қызды,

Жебеп тұрса, жеткендер жарлымызды.

Үй басына биенi байлап тастап,

Отырсақ бiр сапырып сар қымызды.

 

Жау алмаған ежелден жылқылыны,

Мiнсе арғымақ тiзгiндi сiлкiп iнi.

Халқын жемқор басшылар тонамаса,

Естiлмесе еш жерден мылтық үнi.

 

Арулары күндей боп күлiмдесе,

Басымдылық еш жерден бiлiнбесе.

Қатындары шетiнен тауып егiз,

Ақындары атақ деп жүгiрмесе.

 

Қойса қыран тұғырда бiр шаңқылдап,

Төксе жемiс, күз болса, мың салқын бақ.

Әкiмдерi халқына жақын болып,

Премьерi мен құсап тұрса аңқылдап.

 

Бақыт iздеп бағытқа барсақ та қай,

Осы күндi Құдайдың аңсатқаны-ай.

Бүкiл халық сөйлесе, бiр-ақ тiлде,

Патышасы ешкiмге жалтақтамай.

 

Ескермес ек желдi де жел екен деп,

Қабылдар ек нөсердi берекем деп.

Келiп- кетсе қонақтар кемелетiп,

Мынау нағыз қазақтың елi екен деп...

 

...Басын қазақ бiр жерге қоса алмады,

Мықтысынан көбейдi осал жағы.

Кешегi Асан қайғыны ұмыттық қой,

Бүгiнгi Асан қайғының осы арманы.

Ауыт МҰҚИБЕК

23.08.2012

Алматы

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963