Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5208 7 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 13:59

Қазақтың қамын ойламайды

Бізде еңбек кодексіне сай бір адам аптасына максимум 40 сағат қана жұмыс жасау керек. Айына артық сағат максимум 12 сағат, жылына 120 сағаттан аспау керек. Осыны біздің көп жұмысшылар білмейді. Бұны қадағалайтын орган қағаз жүзінде бар, іс жүзінде түк қатырмайды. Керек болса соны қадағалайтын органның өзі артық сағат жұмыс істеп, сол үшін еңбекақы алмайды.

Қазақтың осындайлығын шетелдік компаниялар да біліп алған. Ол жерде істейтін заңгерлер де өз қалталары толса болды. Қазақтың қамын ойламайды. Халықты да кінәлауға болмайды. Бұл нәрсені көп адам біле бермейді. Бұны біліп алған шетелдік компаниялар қазақтарға тиын айлық беріп, есек құсап жұмсайды. Меніңше осыларды бір ретке келтіру керек. Әкімшілікке қарайтын орган ары бері жұмыс жасау керек. Фирмаларға барсын, тексерсін. 21-інші ғасырда халықты есек қылып жұмсайтын ақылды шетелдік пен жергілікті жұмыс берушілер болса заңды түрде жазасын берсін. Отырыңыз да аптасына істейтін сағатыңызды санаңыз. Артық сағат істесеңіз құзыретті органга шағымданыңыз.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320