Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3026 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 06:12

Қажымұқан Ғабдолла. «Қошқарлар» сүзісіп... шайтандар табысып жатыр

Жаңаөзеннің жарасы жазылмай, Арқанкергеннің қайғысы азаймай жатқанда, қазақ даласын табиғат өрттері орап, саяси өмірінен де күздің ызғары ерте сезілді...

Ақорда Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің «сенген қойым сен болсаң...» серіктесерінің бірегейі Атырау облысының бұрынғы әкіміБергей Рысқалиевтың соңынан сөз шұбырып, бірнеше қаһарлы қылмыстық істер ілесе жөнелді...

Есілдің сол жағалауының Аслан Есболлайұлына қазір жақпай тұрғаны  ақиқат. Асекең мен Бергейдің «достары» табан астынан теріс айналып, танымағанға ұқсаған кейіп танытады. Тіпті, күні кеше Бергей Рысқалиевті қорғаштап, Елбасына бағытталған хатқа қол қойған Мәжіліс пен облыстық мәслихаттың депутаттары «жаздым, жаңылдым»-ға көшті.

Сөйтсек, саяси сәуегөйлердің айтуынша, Жаңаөзеннің қасіреті мен Арқанкергеннің азабы және содан кейінгі қанды қасаптардың түгелі шын мәнісіндегі қайғылы оқиғалар немесе кескілескен қылмыстар емес, небәрі Қазақ Елі билігіндегі екі дәу қошқардың басының бір қазанға сыймауы екен. Турасын айтсақ, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың бір-бірін жек көруі ғана көрінеді...

Мусин мырза Жаңаөзенде жабыла жамандап, Арқанкергенде асыра қаралаған Әбіқаев ендігі жерде қарымтаға қайраттанып, бет қаратпауға бекінген. Рухтанған Нұртай келесі кезекте Мусин командасының белді мүшесі, Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаровты қырына алады, деседі білгіштер.

Таяуда қазіргі Қазақстанның тарихында болмаған жағдай Ақмолада орын алды. Облыс мәслихатының депутаттары облыстың басшысы Қайрат Қожамжаровтан 13 ауданның әкімі мен барлық облыстық департаменттер мен басқармалардың бастықтарын түгел ауыстырып, жергілікті кадрлерді аластап, жаңа бастықтарды тек Жамбыл облысының тумаларынан жинақтағандығының себептерін айтып-дәлелдеуді талап етті.

Қайрекеңнің: «Облыс халқының тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін қыруар шаруалар атқару керектігі және осыны іске асыру жолында ең сенімді адамдардың қажеттігі» туралы аңыз-әңгімесі жиналғандардың жүзін де, жанын да жылыта алмағанға ұқсайды.

Осындайда менің есіме Ақорда еркетотайларының бірі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың шығысты шымкенттіктерге лықа толтырса да, мұртын балта шаппағаны еріксіз түседі. Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары депутатарының іс-тәжірибе бөлісіп тұрғаны, екі жаққа да зиян болмайды-ау...

Елдің шаруашылығын екшеп, «қошқарлардың» мүйіздерін «сындырып» отыруға тиіс «күлекеш» Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «қай мықты қазақтың мүйізін санап жүрейін, бұларға дауа жоқ» деген бағыттан айырылмай, нағашы жұртының, яғни, анасының ауылының кадрлік мәселелерімен айналысудан қолы босар емес. Кәрім-әкәң мемлекеттік аттестациялау кезінде Павлодардың прокуроры Ерлан Абаев пен облыс прокурорының орынбасары Нүркен Жанахметовтың кандидатураларын өткізбей тастады. Сірә, нағашылардың біразы жұмыссыз жүрсе керек...

...Қазақта: «Досың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген даналық бар. Кейде мен қазіргі қазақ билігінде «қошқарлардың» айқасынан жазықсыз жандардың қанының суша төгілу себебі - біздің оппозицияның да шикілігінен бе деп қаламын.

Әрине, оппозициядағы азаматтар да ет пен сүйектен жаралған жандар. Сондықтан, билік пен байлық дейтін «дозалардың» алдында бұлардың да біразы әлсіз. Мысалы, ертеректе Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлығынан айырылған Нұрлан Ерімбетов белін шешіп, білегін сыбанып, қоғамның кемшіліктерін шүлдірлеген басқыншылардың (орыстың) тілімен сайрай бастап еді, «Самырұқ-Қазына» қоры өзінің астынан Әлеуметтік әріптестік орталығын ашып, Ерекеңді түсіне де кірмеген жойқын жалақымен жалп еткізді...

Ол-ол ма, өзімнің жек көрмейтін көкем, М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының режиссері қызметінде біраз қазаққа танылған Болат Атабаевтың кезінде қашқын-олигарх Мұхтар Әбілязовпен ауызжаласып, өзінің жекеменшік «Ақсарай» мюзикл-театрына БТА банкі арқылы жыл сайын 700 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы алғандығына бүгінде көзім сенсе де, көңілім сенбейді. Тіпті, Бөкеңнің қазақтың болмысына жат қылыққа барып, қатынның қылығымен қос тылағын шығаруы мен «Қазақстандағы саяси жүйені өзгерту үшін мен шайтанмен достасуға да әзірмін» деп атойлағандығы әлі де түсімде болған оқиға сияқты...

...Әрбір адал да иманды мұсылман әңгімесін: «Ағузу биллаһи минаш- шайтанир ражим» деп, яки, Жартқан Иемізден шайтанның азғыруынан сақтауын сұраудан бастаса, біздің кейбір «саясатшыл» көкелеріміз қыза-қыза келгенде, мұсылманның ең қауіпті дұшпанымен достасуға әзір.

...Иә, «қошқар мүйізді» һәм «шайтанмен достасқан» көкелерден не үміт, не қайыр?!.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369