Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2302 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 09:55

Білім министрлігі балаларды ата-аналарымен бірлесе оқытып, тәрбиелемек

ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды ата-аналарымен бірлесе оқытып, тәрбиелемек.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Функционалды сауаттылықты дамыту тетіктерінің бірі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы екендігіне тоқталған ол: «Бұл үшін жаңа әдістемені әзірлеуге кірістік. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі», - деді.

Министрдің сөзіне қарағанда, жоғары аталған жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылатын болады.

«Жақынды министрлік жанынан білім беру саласындағы қоғамдастықпен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кірді. Кеңестің бірінші отырысында ең жауапты мәселелер, оның ішінде функционалды сауаттылықты дамыту мәселесі талқыланды», - деді ол.

Б.Жұмағұловтың пайымынша, алдағы уақытта аймақтық деңгейде осындай кеңестер ашу қажет. Олар қоғам мен білім саласының өзара байланысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берер еді.

0 пікір