Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3891 12 пікір 24 Қаңтар, 2022 сағат 12:30

Үкімет Парламентті неге тыңдамайды?

Бірер күннің аумағында Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің үкіметке жолдаған депутаттық сауалында ауыл мәселесін көтеріп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алды. Сондай-ақ, Үкімет басшысын ауылдың өзекті мәселелеріне назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалы жыл артқан сайын өте төмен деңгейге құлдырап кетті.

«Статистика деректері бойынша ауылдағы жұмыссыздар саны - 181 мың адам немесе 4,7 пайызға жаткенін ашына баяндады депутат. Жұмыссыздық ауыл халқының бағын ашпай отырғанын айта келе  еліміздің барлық аудандарында ауыл тұрғындары арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізгендігін баса айтты. Сауалнама бойынша ауыл тұрғындарының  басым көпшілігінде жұмыстың жоқтығы «басты мәселе» деп атады. «Осы сауалнамада көрсеткендей, ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңгені құрайды. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады?», – деді Ақылбек Күрішбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Рас қазіргідей қысылтаяң заманда ауыл халқын қандай да бір жолмен құтқарып қалудың миханизімін таппасақ ауылдан бір жола айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Ал ауылдан қол үзу ел экономикасының құрдымға кетуі екенін айтпасада түсінуге болады.

Сенатор жұмыссыздық салдары тағы бір проблеманы туғызып отырғанын айтып, бүгінде ауыл халқының қалаларға кету динамикасының артып отырғанын тілге тиек етті.

«Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, еңбекке қабілетті халықтың 41 пайызы ауылдардан қалаға көшуді қалайды. Әрине, урбанизацияның әлемдік үрдіс екені түсінікті, бірақ оны басқару керек қой. Жақын маңдағы ауылдардан бір сәтте халықтың жаппай көші-қоны басталса, біздің қалаларымызда не болмақ? Егер ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін ешкім қалмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Шекаралас аудандар қалай қорғалмақ?», – деді ол.

Депутат бұл мәселе еліміз үшін тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси және стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондықтан Ақылбек Күрішбаев Үкіметтің ауылдарды дамытуға неге тиісті көңіл бөлмей келе жатқанын сынға ала отырып сенаторлардың осыған дейін Парламенттік тыңдауда берген ұсыныстарының негізгі тармақтарының әлі де орындамағанына назар аударды. Сонымен қатар қазақстандық ауылды дамытуға ірі ауыл шаруашылығы компаниялары белсенді үлес қосуы тиіс екенін атап өтті.

Ықпалды Парламентті Үкімет осылай тыңдау керек пе?! Неге Үкімет Сенатқа құлақ аспайды?- деген сауалды шегендеп тұрып айтқан сенатор Ақылбек Күрішбаев Үкіметке арнайы жол көрсетіп, ауылды дамытудың бағдарын төмендегі сауалдар төңірегінде  нұсқады.

Біріншіден, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына, яғни «Ауыл - Ел бесігі» жобасына жеке ұлттық жоба мәртебесі берілмеген. Егер бізде осы стратегиялық маңызды мәселе бойынша дербес бағдарламалық құжат болмаса, ауылды басымдықпен қалай дамытамыз?

Екіншіден, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін Ұлттық экономика министрлігінің қарамағынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру ұсынылды, өйткені өндірісті дамыту және ауылда жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдай жасау таразының екі жағындай ішкі байланыстағы мәселелер болып табылады, нақтырақ айтсақ, кез келген ауылды дамытудың негізінде ауыл шаруашылығы өндірісі жатыр. Ауылда болып жатқан жағдайдың мәнін түсінбегендіктен, Ұлттық экономика министрлігінің ауылдық елді-мекендерді дамыту әлеуетін айқындау кезінде экономиканы емес, халықты жұмыспен қамту мәселесін емес, демографияны бірінші орынға қоюына алып келді.

Үшіншіден, ауылдық жердегі және ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бірі – кадрлардың тапшылығы. Ашығын айту керек, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы тиісті түрде жұмыс істемейді және онда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары қайта қарауды талап етеді.

Сенаторлар ауыл жастары үшін жоғары білімнің қол жетімсіздігін Үкіметтің назарына бірнеше рет жеткізді.

Сонымен қатар сенатор ауыл жастарын оқытудың арнайы тетіктеріне де өзгерістер енгізу керектігін айтты.

«Біз мемлекеттік білім беру гранттарын және степендияларды тағайындау тетіктерін өзгертуді, оларды тек ҰБТ нәтижелерінің негізінде ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қолдаусыз оқи алмайтындарға әлеуметтік қолдау ретінде бөлуді ұсындық. Бірақ, өкінішке орай, бұл депутаттық сауалымызға кеңсе әдеті бойынша сырғытпа жауап алдық.

Сондай-ақ, екі Парламенттік тыңдаудың ұсынымдары мен депутаттық сауалымызда ҚР Білім және ғылым министрлігіне аграрлық мамандықтарға түсушілер үшін ауылдық квотаны 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайту ұсынылды. Негіздеме айқын, бұл ауыл мектептерінің түлектеріне жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін көтеріп қана қоймай, диплом алғаннан кейін оларды ауылда жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де арттырады. Бірақ бұл депутаттық сауалымызға «соңғы 3 жылда аграрлық мамандықтар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны 3778 бірлікті құрады» деген жауап келіп түсті. Бірақ талдау көрсеткендей, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Сізден ҚР Парламенті Сенатына осындай жауап жібере салатын орындаушыларды анықтап, жазалауды сұраймын», - деді.

Расымен де ауылды дамыту бұл ауылшаруашылығын дамыту деген сөз. Елдің экономикасының негізгі саласы ауыл дейтін болсақ сол ауылға, ауылжастарына және ауыл тұрғындарына тиісті жағдай жасамайынша ондағы шаруаның шайқалып кете беретіндігі белгілі. Сенатор айтқандай ауылға жағдай жасаймыз деп белгілі бір ауыл атын жамылған адамдардың қалтасын қампайта беру ол елге деген опасыздық екенін білгеніміз абзал.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404