Дәулетбек Байтұрсынұлы. Үш кітап (Иллаһи толғау)
(Иллаһи толғау)
Әлемді он сегіз мың үйлестіріп,
Керемет жарасымды күй кештіріп,
Жасаған бар ғаламды шеберлікпен,
Зияны бір-біріне тимес қылып.
Жетпеген жұлдыз қанша жерге нұры,
Жұқпаған өскін қанша желге нілі.
Кезегім келіп пенде тумасы боп,
Жаралған мақұлықтың менде бірі.
Көрмесек тәрбиені тәлімі бар,
Хайуанбыз нәпсі десе тәні құмар.
Басымда ақыл-сана болмағанда,
Болар ед бұл дүниенің бәрі мұнар.
Көзіңді көкке қарап ашқаның да,
Не жатыр түпсіз терең аспаның да?
Шырақтар жылт-жылт етіп жымыңдайды,
Көресің миллион жұлдыз қас-қағымда.
Орны бар, жүйесі бар, жаңылдырмас,
Келесің ес білгелі жаның құрдас.
Недеген тәртібі бар табиғаттың,
Құбылтып, құйқылжытып Заңын бұрмас!
Ай тынбай жерді айланып жорытады,
Байланған бір-біріне қолы тағы.
Ал, олар күнді айналып күймей ұшып
Көсілген кеңістікте жолы-табы!
Байқаймын жерде ауа бар тыныс кең.
Тізілген жіпсіз байлау тартылыспен,
Миллиардтар айналып жүр Бір Иені,
Мойындап басымды идім даңқын үстем!
Байқадым жұлдыз біткен бағынғанын,
Нұр беріп көрсетіп тұр бабында күн.
(Иллаһи толғау)
Әлемді он сегіз мың үйлестіріп,
Керемет жарасымды күй кештіріп,
Жасаған бар ғаламды шеберлікпен,
Зияны бір-біріне тимес қылып.
Жетпеген жұлдыз қанша жерге нұры,
Жұқпаған өскін қанша желге нілі.
Кезегім келіп пенде тумасы боп,
Жаралған мақұлықтың менде бірі.
Көрмесек тәрбиені тәлімі бар,
Хайуанбыз нәпсі десе тәні құмар.
Басымда ақыл-сана болмағанда,
Болар ед бұл дүниенің бәрі мұнар.
Көзіңді көкке қарап ашқаның да,
Не жатыр түпсіз терең аспаның да?
Шырақтар жылт-жылт етіп жымыңдайды,
Көресің миллион жұлдыз қас-қағымда.
Орны бар, жүйесі бар, жаңылдырмас,
Келесің ес білгелі жаның құрдас.
Недеген тәртібі бар табиғаттың,
Құбылтып, құйқылжытып Заңын бұрмас!
Ай тынбай жерді айланып жорытады,
Байланған бір-біріне қолы тағы.
Ал, олар күнді айналып күймей ұшып
Көсілген кеңістікте жолы-табы!
Байқаймын жерде ауа бар тыныс кең.
Тізілген жіпсіз байлау тартылыспен,
Миллиардтар айналып жүр Бір Иені,
Мойындап басымды идім даңқын үстем!
Байқадым жұлдыз біткен бағынғанын,
Нұр беріп көрсетіп тұр бабында күн.
Қиялым көкті кезіп қыдырып жүр,
Іздейді ірку көрмей сағынғанын...
«Тұрды - деп, айтармысың - өздігінен»?
Шошыр ең қозғалыстың тездігінен.
Барамыз оқ жетпейтін жылдамдықпен,
Секілді байлап қойған көзді білем.
Мұхиттар мұрты ойылып шайқалмайды,
Пингвин мұз үстінде майпаңдайды.
Басында дастарханның отырғанда,
Шыныңнан сыртқа кетіп шәй тамбайды!
Мәніне үңілдің бе үйден шығып,
Жейдеңді кім кептірді киген сығып?
Бойыңда қандай әуен бұлқынады,
Жүректі не жібітті күймен сіңіп?!
Келмейді адамдардың аңғарғысы,
Сезеді табиғаттың аңдар-құсы,
Мадағын жеткізеді «тіліменен»,
Миына мықтап орнап Заңдар күші!
Адам сол жалқауланар, аңқауланар,
Көңілге жол іздейді қамсау болар.
Оянып жыртқыштығы жұлысады,
Нақақтан шектен шығып қан сауғалар.
Жер шары адамзатқа жәйлі мекен,
Ұрпағын жәйді жәндік, жәйді Бөкен.
Адамдар ырың-жырың араздасып,
Қанқұйлы қаптатады қайғы бөтен.
Сыйпаты көмескіде періштелік,
Көркемдік тез өспейді терістеліп.
Пайым мен парасаттан жол табасың,
Даңғыл жоқ салып қойған тегістеліп...
Жауы көп, көзге ұратын көркемдікті,
Даңғойлар дандайсыған өңшең мықты.
Ойқастап Оспадарлық от шашады.
Боласың озбырлыққа көнсең жүкті!...
Бар сенің байланысың тұңғиықпен,
Ұштасқан ұлы күшсің тым биікпен.
Ісі бар адамзаттың жарасымды
Жайнатып, қайран етіп түнді иіткен.
Қуатың қандай ғажап қайран жарлық,
Ризықты дастарханға жайған бар қып.
Келген де кері кеткен бұл әлемге,
Нұрланып жарқыратты Пайғамбарлық!
Көметін қызын тірі жауыз қоғам,
Әлділер әлсіздерді бауыздаған.
Зинақор санын жүрген шапалақтап,
Бұлғанған бейпіл кетіп ауыз жаман...
Сондай бір жаһилдікке тиым болып,
Жасалды надандыққа қиын жорық.
Күн туды мамыражай мәні бөлек,
Жер бетін тоздырғанда құйын қонып!
Адамзат Азиядан көрді өнеге,
Дүние дүр сілкінді дөңгелене.
Басталды тірілердің тірілуі,
Жаңарды жамандықпен өлген дене.
Құлпыртты құдірет боп Пайғамбарым,
Сыр ұқты, күннен дерек, айдан мәлім.
Арылды бірте-бірте арсыздықтан,
Байқатты әділетке байланғанын...
Сорғанда зұлым-тажал қанды сығып,
Тұрғанда тұншығыспен жан қысылып.
Тоңмойын тойтарысқа тап болғансоң,
Меселі мерт болдыда қалды сынып.
Себебі: адамзатқа Құран келді,
Ұмтылған ақиқатқа ұран келді.
Бет бұрып Кағыбаға сәжде жасап,
Табылып тазалыққа Құман келді.
Табынып тағдыр берген Тағалаға,
Басылды байыппенен табан алға.
Қалал тер төгілетін еңбек қызып,
Адамдар аттанатын таң ағара...
Адамдар Алла әмірін екі етпеді,
Әлсіз-құл биіктеді етектегі.
Ұлы ұстаз қараңғыны-түріп түнді,
Мүминді ізгілікке жетектеді.
Құны зор Құран келді, Хадис келді!
Әлемді өзгертуге қам істелді.
Имамы жер шарының үндеу етті,
Сәулесі нұрландырып алыс белді.
Адамның кіндігі бір ғаламменен,
Даланың даңқы өсті қалаңменен.
Құранның сүресіне сүйсінді жұрт,
Жазылған лаухы дағы қаламменен.
Кәусары асыл сөздің сорғалады
Ардақты аршыдағы сол баяғы.
Сахаба Сәруар Ұлға ұйып тұрып,
Құлшынып құлдықпенен қол жаяды.
Кіршіксіз Періштені таңдандырып,
Назарын мінажатқа таңнан бұрып.
Елшінің ерткеніне иман етіп,
Үмітін Рахыманға таңған біліп!
Сахаба сан ғасырды түріп тастап,
Теңізден жолдар салды тіліп бастап.
Алланың айтқанына шек келтірмей,
Болмаған бастап кетті тың істі асқақ.
Осылай кітап түсіп жуындырды,
Ән салған әзәзілді буындырды.
Адамдар періштемен жарыс салып,
Теңдессіз жерде жеңіс туылды ұлы!
Орнады үш кітаптың үндестігі,
Жұмақ боп пенделердің бұл бес күні.
Келмеске кетті күнә, қателіктер,
Инсанның кешіріліп білместігі...
Бірінші кітап деген - жаратылыс,
Екінші - Адам деген жаңа тыныс,
Қонақ боп жерге түскен уақты жетіп,
Хикмет таң-тамаша қалатын іс!
Ауаны, мөлдір суды ішіп жүрген,
Үшінші кітап бәрін түсіндірген.
Бұл кітап ақиқаттың ақ жалауы -
Осылай Құран - Кәрім күшін білгем!
Табиғат өз үнімен сөйленіп тұр,
Еріксіз қаратады ой бөліп бір.
Құс үні, бақа даусы, найзағай боп,
«Алла!» - деп үн қатады бой беріп бір!
Көз алда мың құбылыс тізбектеліп,
Раббыны көрсетеді іздеп келіп.
Біресе көшкен бұлт пен ұшқан қыран,
Бірде жаз, бірде аяз, күз боп келіп.
Қарайды Қаһар болып, Рахым болып,
Тағдырға дүркін-дүркін тұратын қонып,
Ай болып, самала боп, сағым болып,
Меңіреу бұлт торлаған қара түн болып.
Осылай табиғатты оқи алсаң,
"Мұхи" деп жатыр теңіз, отыр аспан.
Қаз-үйрек, аққулардың құс керуені,
Сырларын сусыл қағып жоси ашқан...
Ал, адам артық туған дара бітім,
Тамырлы биік өскен Дарағы тым.
Кей-кезде әлсіздігі балапандай,
Қопарған тауды кейде қара күші!
Қосылған - тәнмен жанның бірікпесі,
Нәпсінің төзімі жоқ шүріппесі.
Кейде ол мызғымайтын ерік-жігер,
Қақпаны аштырмайтын кілттөсі...
Адам ол - жұмбақ кітап қатпары көп,
Дауылдай даңғаза бір жатқан үдеп.
Аямай жауыздықты жазалмайтын,
Тиетін қарауылға атқаны дөп.
Сыры мол адам солай шертіледі,
Жасиды, жалындайды, серпіледі.
Көктемгі сары өзендей сарқыраса,
Толқындай, тойтарады, сең түреді.
Ойсызға әлем неткен бұлдыр еді,
Надандар нақақтарды бүлдіреді.
Бұл адам тұтас тұнған болмысымен,
Құдайдың бар екенін білдіреді.
Жеткізді соның бәрін Құран келіп,
Сауабың көбейсе екен, күнәң кеміп.
Адамдық қалыбынан кім айныса,
Суырылып суға кетті күмән жеңіп.
Бар әлем тұрады осы үш кітаптан,
Бәйтерек жаралыпты үш бұтақтан.
Өзгесі өсіп шыққан бүрлері ғой,
Бір Алла меңгереді істі тақтан.
Білмеймін жазуыма қарады кім?
Анықпа гүлге қонған Аралығым!
Адаммын Алла жазған көп томдықтың,
Түптелген ішіндегі парағымын!
Жан болып жалтарамыз жаралып кеп,
"Авторға" сілтеме жоқ "қарадық"-деп.
Айтылған ақиқатты көшіріп-ап,
Жазамыз мың қайтара жаңалық деп.
Жарықтың жеті бояу түсін білдің,
Алладан асып нені түсіндірдің?
Бар заңды әуел баста,
Ньютон болып -
Әлемдік тартылыстың күшін білдің.
Күз болса тырна көкте тізілетін,
Басады судың неге мұзы бетін?
Жасаған хас Шеберді ойладың ба -
Адамның функция қызметін?
Зерттеп таптың дейсің зеректікпен,
Жазулы тұр емес пе дерек біткен!
Аллаға алып барар өзіңді оқы,
Қойылған тағдырың бар керек нүктең.
Иесі үш кітаптың Қах-Тағалам,
Лақса кім ләззаттанар таппаған ән.
Тілі бар, екі аяқты болғанымен,
Алласыз адамда сол - қаптаған аң!
Өтейік кір келтірмей киесіне,
Иландым иман етіп жүйесіне.
Бақытым - ілінгенім қаламына,
Сыйындым үш кітаптың Иесіне!
Ағарды Құран жуып мүлде түрім,
Өмірлік өзгермейді бұл бекімім.
Бауырым сен де солсың, бағаңды біл,
Кітаптың "Адам" деген бір бетімін!
Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
04.09.2012 жыл